Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 2 қыркүйекте сағ: 11.00 –де Ұлы Отан соғысы жылдарында хабар – ошарсыз кеткен атыраулық Тәжіден Хасановты ұрпақтарының іздестіруі нәтижесінде КСРО Қорғаныс министрлігінің мұрағатынан та

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайының  ұйымдастыруымен 2016 жылғы 2 қыркүйекте сағ: 11.00 –де Ұлы Отан соғысы жылдарында хабар – ошарсыз кеткен атыраулық Тәжіден Хасановты ұрпақтарының іздестіруі нәтижесінде КСРО Қорғаныс министрлігінің мұрағатынан табылған мемлекеттік наградамен марапатталғандығы туралы   құжаттарын мұражай қорына тапсыру мақсатында ұрпақтарымен кездесу шарасы өткізілді.

Кездесу сұрапыл жылдарында хабар-ошарсыз кеткен жауынгер Т.Хасановтың ерлігін бүгінгі бейбіт заман жастарына насихаттап жеткізу мақсатында өткізілді.

Кездесуде Хасановтар әулетінің үлкені, ел ағасы, Қазақстан мұнай және газ Министрінің бірінші орынбасары, «Қазақстан МұнайГаз» компаниясының Президенті болған ардагер мұнайшы Төлеген Әйішұлы,ағасыТәжіден Хасановты іздестіруі нәтижесінде КСРО Қорғаныс министрлігінің мұрағатынан табылған мемлекеттік наградамен марапатталғандығы туралы  мұрағаттық құжаттарын мұражай қорына тапсырыпкелген қонақтарға, мұражай ұжымына алғысын білдірді.

Кездесуге «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау қалалық филиалының төрағасы  Ә.Бекешов, жауынгер Хасанов Тажіденнің немере інісі, мұнайшы ардагер Төлеген Әйішұлы және ұрпақтары, Еркінқала ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Дәлдірбаев №1 Ленин орта мектебінің оқушылары, БАҚ өкілдері барлығы 35 адам қатынасты.

Кездесу шарасына Қазақстан-Атырау телеарнасына Т.Хасановтың  інісі Төлеген Әйішұлыжәне мұражай маманы Ж.Жетпісбаева сұхбат берді.

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru