28 қыркүйек күні Абай жалпы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Ата дәстүрін ардақтау-ұлттық салт» атты тақырыптық сағаты және жергілікті ағаш шебері Т.Жүмалиевтың ағаш бұйымдар коллекциясы бойынша «Ата кәсіп ұрпаққа аманат» атты шеберлік сағаты өткізілді.
Тақырыптық сабақтың мақсаты фольклор дегеніміз не, қандай белгілері мен сипаттары бар, қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани-мәдени мұраларының бірі-фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері мен негізгі белгілері, ауыздан-ауызға, атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын халқымыздың музыкалық, соның ішінде фольклорлық мұрасын түсіндіру. «Ата кәсіп ұрпаққа аманат» атты өткізілген шеберлік сағатындаадамзат баласының күнделікті тұрмысына аса қажет көптеген заттарды жасауда ағаштан бұйым жасау технологиясы, оның композициясы, өрнегін көрсете отырып оқушыларға жасалу жолдарын үйрету .
Сабақта қазақ фольклорының үлкен бір саласын музыкалық аспаптар және соларға арналған музыкалық шығармаларды құрайтындығы, қазақ халқының көне аспаптары тек қана заттық мәдениеттің ескерткіштері ғана болып қоймай, қазақ халқының тарихы мәдениеті туралы маңыздылығы, оны меңгеру туралы түсіндірілді. Сонымен қатар музыкалық аспаптардың фольклор аясындағы үлгілері, қазақ халқымен бірге жасасып, оның халық ретінде қалыптасуына игі әсер еткен үлгілері: домбыра, қобыз, шертер, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, сырнай аспаптары туралы жеке-жеке түсінік беріліп, Д.Нұрпейісова атындағы өнер мектебінің оқушысы Зайтова Индира, Нұрғалиев Жұлдыз аспаптарда әуендер ойнап, күй шертті.
«Ата кәсіп ұрпаққа аманат» атты шеберлік сағатында ауданымыздағы халық өнерін дамытып келе жатқан шеберлеріміздің бірі Жұмалиев Талғат өз туындыларының жасалу жолымен таныстыра отырып, өзінің жасаған бұйымдарынан оқушыларға шеберлік сағатын өткізді.
Көрмеге қазақтың көне аспаптары домбыра, қобыз, шертер, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, сырнай аспаптары және ағаш бұйымдар барлығы 21 жәдігер шығарылды.