«Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі»

Атырау облысы тарихи – тарихи өлкетану мұражайында 2016 жылы 21 қыркүйек сағ:11.00 –де  22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне  орай  Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Үлкен ел-Үлкен отбасы» ұлттық жобасы аясында  «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» атты өзге ұлт оқушылары арасында сайыс өткізілді.

Сайыс «Үлкен ел-Үлкен отбасы» ұлттық жоба аясында «Қазақстанның болашағы–қазақ тілінде» дегендей, облысымыздағы өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілімізді насихаттау, ұлттық руханиятымыздың жеткен жетістіктерін түсіндіріп, қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, тіл мәдениетін жетілдіру мақсатында өткізілді.

Сайысқа Ө.Атамбаев атындағы №8 орта мектебі және Н.Крупская атындағы № 18 орта  мектебінің украин, орыс, өзбек, татар ұлттарының 6-10 сынып оқушылары қатынасты. Сайыскерлер №8 орта мектебінің оқушылары  «Бірлік» тобы,  №18 орта  мектебінің «Достық» тобы бойынша 3 оқушыдан,  6 сайыскер қатынасып, сайыстың «Таныстыру», «Дәстүрді білесің бе?», Өзге ұлттардың тіл туралы өлеңдерін оқу,«Өнерім — асыл қазынам»кезеңдерге бөлініп, өнерлерін көрсетті.

Сайысқа қатынасқан оқушыларға  әділ баға беретін қазылар алқасының төрағасы Атырау облысы тарихи - өлкетану мұражайының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Көпжасаров Сағынтай Сатыбалдыұлы, Атырау облысы тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы М.Құбышев, Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ – ның  аға сарапшысы Н.Губашев, Атырау облысы тарихи - өлкетану мұражайының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Аймуканова Күміс Сатыбалдықызы  қатынасты.

Шара барысында Ө.Атамбаев атындағы № 8 орта мектебінің оқушысы және Н.Крупская атындағы № 18 орта  мектебінің 7 сынып оқушысы Халмурадов Рамиль «Сүйемін туған тілді» әнін оқып,  Пеленкурсиева Аня «Медный всадник» өлеңі, Дихтяренко Ирина орындауында «Червоно Руто» әні, Маштемир Ангелинаның орындауында «Сарыжайлау» әні орындалды.

Қазылар алқасы байқау талаптары бойынша оқушыларға әділ бағаларын беріп, №8 орта мектебінен құралған «Бірлік» тобын жоғары бағалап, оқушыларға «Белсенді», «Тапқыр», «Өнерлі», «Білімді», «Көркем», «Сабырлы» номинациялары марапатталды.

Шара  соңында Атырау облысы тарихи - өлкетану мұражайының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Көпжасаров Сағынтай Сатыбалдыұлы№18 және №8 орта мектептерінің әкімшілігіне мұражай әкімшілігі атынан алғыс хаттар табысталды.   

Сонымен  қатар «Қазақстан  - Атырау» телеарнасына өлкеміздегі салт – дәстүр, мемлекеттік тілдің насихатталуы туралы  №8 орта мектебінің  7 сынып оқушысы Чирова Карина  және Қазақстан  халықтарының тілдері күніне орай өткізілген шара туралы этнография және өлке табиғатын ғылыми - зерттеу бөлімінің маманы Б.Аймуханова сұхбаттар беріп, «Атырау», газеттерінің тілшілеріне мәліметтер берді.

Шараға Ө.Атамбаев атындағы №8 орта мектебі және Н.Крупская атындағы № 18 орта  мектебінің оқушылары мен  ұстаздары, БАҚ өкілдері және мұражай қызметкерлері қатысты.

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru