28 қыркүйек Бүкіләлемдік теңіз күніне орай Атырау облысы тарихи –өлкетану мұражайы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесе отырып, 2016 жылдың 27-ші қыркүйегінде «Каспий теңізінің экологиясы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Шараның мақсаты Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғи, экологиялық жағдайын талқылау, теңіз экожүйесінде туындап отырған проблемаларды саралап және баға бере отырып, экологиялық апаттарға жол бермеу, су айдынын сақтап қалу, болашақ ұрпақтың экологиялық тәрбиесі мен мәдениетін арттыру, қоршаған табиғи ортаны аялауға баулу, болашақ экологтардың қазіргі таңда өлкемізде қалыптасқан экологиялық жағдайына байланысты көзқарастарын білу.
Шараны этнография және өлке табиғатын ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы Э. Мұхамбетқалиева жүргізіп отырды.
Алғашқы сөз кезегі Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы басшысының ғылыми істер жөніндегі орынбасары К.Сатыбалдықызына берілді.
Шара барысында өлкеміздің табиғатын қорғауда аянбай еңбек етіп келе жатырған академик, геология - минерология ғылымдарының докторы, профессор Муфтах Диарұлы Каспий теңізінің, өлкеміздің экологиялық жағдайы жөнінде айтып өтті.
Сонымен қатар Каспий теңізінің қазіргі ауыр экологиялық ахуалы, теңіз аумағында тіршілік ететін жануарлар және өсімдіктер туралы жан–жақты мағлұматтар жинап, зерттеу жұмыстарымен айналысып, еңбектеніп, табиғат жанашырлары ретінде өз ойларымен бөлісіп, табиғатымызды қорғауға жас та болса барынша өз үлестерін қоспақ оймен аграрлы- техникалық колледжінің экология факультетінің 4 курс студенті Рахат Алдабергенова «Каспий теңізі балықтарының жағдайы және оны молайту бойынша ұсынымдар», бизнес және құқық колледжінің экология факультетінің 3 курс студенті Нұрлыгүл Тойлығұлова «Каспий теңізінің су жануарларының (итбалық) жағдайы және оны молайту бойынша ұсынымдар», аграрлы- техникалық колледжінің экология факультетінің 4 курс студенті Букембаева Рысгүл «Каспий теңізінің су сапасының жағдайы және оны жақсарту бойынша ұсынымдар», бизнес және құқық колледжінің экология факультетінің 3 курс студенті Дана Айтмағамбетова «Каспий теңізі және теңіз жағалауы өсімдіктерінің жағдайы және оны жақсарту бойынша ұсынымдар», аграрлы- техникалық колледжінің экология факультетінің 4 курс студенті Төлекбаева Алмагүл «Каспий теңізінде тіршілік ететін ағзалардың (планктон, зоопланктон, бентос) жағдайы және оны қорғау бойынша ұсынымдар» атты баяндамаларын окыды.
Келесі кезекте студенттердің баяндамалары сараланып, талқыланып, баға бере отырып, ұсыныс- пікірлер айтылды.
Студенттер эколог мамандарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Шарада сөз сөйлеген эколог мамандар өткізіліп отырған дөңгелек үстелдің болашақ эколог студенттерге берер тәлім - тәрбиесі мол екенін айтып өтті.
Шараға Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Атырау облысы бойынша экология департаменті, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Каспий табиғаты» қоғамдық бірлестігі, су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық- Каспий бассейіндік инспекциясы, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты, «Казгидромет» РМК, «Жайық- Атырау бекіре балық өсіру зауыты», «Атырау бекіре балық өсіру» зауыты, Атырау филиалы Қазақ Балық Шаруашылығы Ғылыми Зерттеу Институтының қызметкерлері, Атырау мұнай және газ және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұстаздары, аграрлы-техникалық, бизнес және құқық колледжі студенттері мен ұстаздары қатынасты.
Шара соңында Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Гүлнұр Мулдарисова баяндама дайындаған студенттерді Атырау облысы тарихи –өлкетану мұражайы, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігі атынан алғыс хаттармен марапаттады.