Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы 2016 жылы 23 қыркүйекте №17 мектеп-лицейінің 7-ші сынып оқушыларына Атырау қаласының тарихи жерлеріне шолу экскурсиясын ұйымдастырды. Экскурсия Экспо – 2017 Халықаралық көрмесіне келетін туристтерге Атырау қаласының тарихи ескерткіштері мен орындарын мектеп оқушыларына көрсетіп таныстырумақсатында өткізілді.
Экскурсияда 3 объект таныстырылды: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы ескерткіші, «Иманғали» мешіті және Успен соборы. Экскурсия басында оқушылар Астанада қаласындағы Экспо – 2017 көрмесі бүкіл Қазақстанның туристік маршруттары бойынша жүріп өтетіні, соның ішінде біздің қалада да, сонымен қатар Экспо – 2017 көрмесі не үшін, қандай мақсатпен өткізілетіні туралы мағлұмат алды. Экскурсанттар Исатай – Махамбет ескерткішінің қашан орнатылғаны, Исатай мен Махамбеттің кім болғандары, ұрпақтарының оларға арнап қаламыздың орталығында ескерткіш орнатылғаны жөнінде танысып білді.
Экскурсия барысында оқушылар әлемдік діндермен де таныс болды: ислам және православие діндері жөнінде кеңірек түсінік беріліп, «Иманғали» мешітінің сәулеттік құрылысы, ішкі бөлімдерімен танысып, Успен соборының құрылу тарихы туралы мағлұмат алды.