Кітаптармен мұражайдың кітапхана қоры толықтырылды

29 маусымда өлкеміздің қарымды қаламгерлері Педагогика Ғылымдары академиясының Құрметті академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Өтегенұлы Жүсіп, ҚР жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Махамбет атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты Өтепберген Әлімгереев, Қазақстанның құрметті журналисі, журналистер одағы сыйлығының лауреаты Төлеген Жаңабаймен мұражай қорын толықтыру мақсатында баспадан жарық көрген кітаптарын тапсыру үшін арнайы кездесу кеші өткізілді.

Кездесу барысында қаламгерлер кітаптарының жазылу тарихы жайында естелік әңгімелерімен бөлісіп, Қадір Жүсіп – 12 дана, Төлеген Жаңабай – 14, Ө.Әлімгереев – 9 дана, барлығы 35 дана.

Кітаптармен мұражайдың кітапхана қоры толықтырылды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru