26 сәуірде Чернобылдегі атом электростанциясындағы ядролық апатқа 30 жыл толуына орай «Чернобыль жаңғырығы» атты көрменің ашылу рәсімі өтті

26 сәуірде Чернобылдегі атом электростанциясындағы ядролық апатқа 30 жыл толуына орай «Чернобыль жаңғырығы» атты көрменің ашылу рәсімі өтті.

Көрмеге Чернобыль апаты зардаптарын жоюға көмектесіп, абыроймен атқарған атыраулық азаматтардың Отан үшін, ел үшін, ұрпақ үшін көрсеткен ерліктерінен сыр шертетін жеке, тарихи мұрағаттық фотосуреттері мен өмірдеректері, марапаттаулары, кітаптар мен баспасөз беттеріне жарияланған мақалалары және Чернобыль апатты зардабын жою кезінде алған радиациялық сәулелі доза мөлшері көрсетілген анықтама, жауынгер-залалсыздандырушылар киген эксперименттік әскери киім, радиациялық және химиялық барлау аспаптары (дозиметр-радиометр), газ тұтқыш (улы газдан қорғайтын аспап) және т.б. барлығы 120 дана жәдігер қойылды.

Шарада «Чернобыль ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы Б.Даулетияр сөз сөйлеп, Чернобыль апаты зардаптарын жоюға қатысқан атыраулық ардагерлерге Қазақстан Республикасы «Чернобыль Одағы» заңды тұлғалар ассоциациясының 08.02.2016 жылғы шешімі негізінде «Чернобыль атом электр станциясында болған жарылысқа 30 жыл» толуына орай шығарылған медальдарды табыс етілді. Шараға №41433 әскери бөлімінің қызметкерлері мен сарбаздары, «Чернобыль апаты салдарын жоюға қатынасқандар және олардың ұрпақтары, БАҚ өкілдері барлығы, 100 адам қатынасты.

Атырау облысы тарихи – өлкетану мұражайында Чернобыльдегі атом электр станциясында болған жарылысқа 30 жыл толуына орай өткізілген «Чернобыль жаңғырығы» атты көрменің ашылу салтанаты. 26 сәуір 2016 ж.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru