Қазақстанның халық әртісі Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 70 жыл толуына орай «Күй өнерінің тарланы» атты оқырмандарды күйші - домбырашы Қаршыға Ахмедияровтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру, қазақтың күй өнерін дәріптеу мақсатында әдеби – сазды кеш

Қазақстанның халық әртісі Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 70 жыл толуына орай «Күй өнерінің тарланы» атты оқырмандарды күйші - домбырашы Қаршыға Ахмедияровтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру, қазақтың күй өнерін дәріптеу мақсатында әдеби – сазды кеш ұйымдастырылды.

«Күй – Қаршыға» тақырыбындағы көрмеге Күй –Ұран, Күй -ғұмыр, Дәулеткерей «Жігер күйі», «Есірдің күйлері» кітаптары қойылып, көрермендерге кеңінен насихатталды.

Шара барысында Қаршыға Ахмедьяровтың «Ақ мешіт», «Арпалыс» күйлері орындалып, бейнетаспадан өз орындауындағы «Қосбасар» күйі орындалды. Өнер жолындағы еңбектері мен тағылымды өмірі айтылып, келген қонақтар жылы лебіздерін білдірді. Адамгершілік пен парасаттылықты биік ұстап, қарапайымдылық сынды қанға сіңген қасиеті арқылы өнердің биік шыңынан көрінген дарабоз күйші екендігі және оның күй өнеріндегі туындылар құнды сый естелік болып, ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Қазақстанның халық әртісі Қаршыға Ахмедияровтың 70 жылдығына орай өткізілген «Күй өнерінің тарланы» атты әдеби - сазды кеші.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru