2016 жылғы 15 сәуірде сағат 15:00-де археология ғылыми-зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған «Өлкеміздегі археологиялық ескерткіштер» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді

2016 жылғы 15 сәуірде сағат 15:00-де археология ғылыми-зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған «Өлкеміздегі археологиялық ескерткіштер» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Сабақты «Өлке тарихы» экспозициялық залында, археология ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі А.Тұрарұлы өткізді. Қалалық білім бөліміне қарасты №12 Ф.Досымова атындағы орта мектептің 10 А сынып оқушыларына сабақ барысында Атырау өңіріндегі тарихи-археологиялық орындар туралы мәліметтер беріліп, өлке тарихы мәдени мұраларымыз туралы баяндалып, ежелгі кезеңдерге қатысты облыс аумағындағы археологиялық ескерткіштер туралы слайд көрсетілді. Сабақ соңында оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауаптар беріліп, мұражайдың экспозициялық залдарына экскурсия жүргізілді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru