2016 жылы 8 сәуір күні «Мұражайдың ғажайып әлемі» тақырыбында танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушыларға ұлттық ойындарды насихаттау арқылы ой-өрістерін кеңейтіп, өлкенің табиғатымен, тарихымен, мәдениетімен таныстыру арқылы мұражайға қызығуш

2016 жылы 8 сәуір күні «Мұражайдың ғажайып әлемі» тақырыбында танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушыларға ұлттық ойындарды насихаттау арқылы ой-өрістерін кеңейтіп, өлкенің табиғатымен, тарихымен, мәдениетімен таныстыру арқылы мұражайға қызығушылықтарын ояту болды.

Экскурсияға бастауыш сынып оқушылары шақырылды. Оқушыларға мұражайдың экспозициялық залдарында танымдық ойындар және табиғат залында «Сақина салу», «Ұшты-ұшты!» ұлттық ойындары, «Ойлан тап» ойын викторинасы ұйымдастырылды. Ойын барысында балалар өздерінің білімі мен мұражайда алған әсерлерімен бөлісті, тақпақтар айтып, жануарлар мен құстардың бейнелерін салып, жұмбақ пен сұрақтарға жауап берді. Мұражайға Ленин атындағы №1, Ф.Досымова атындағы №12 орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары, ұстаздары барлығы 80 адам қатынасты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru