4 наурызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тылдағы аналардың өмірі туралы Тылда – еңбек майданы, соғыста – ерлік майданы» атты тарихи-тағылымдық ерлік сабағы өткізілді

4 наурызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тылдағы аналардың өмірі туралы Тылда – еңбек майданы, соғыста – ерлік майданы» атты тарихи-тағылымдық ерлік сабағы өткізілді. Сабақ барысында «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы» экспозициялық залындағы Атырау облысы бойынша соғыс жылдарында тылда еңбек еткен аналар Енбаева Маржан, Қожахметова Қанаш, Шағырова Нәбираның және Гурьев-Астрахань теміржолының құрылысына қатысушы тыл ардагерлерінің еңбектері, ерлік істері туралы айтылып, тыл еңбеккерлері туралы видеоролик, слайд дайындалып көрсетілді. Сабаққа Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп гимназиясы ұстаздары мен оқушылары қатынасты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru