18 ақпанда мұражай қорындағы жез ыдыстар түрлерімен жастарды таныстыру, өз елінің ұлттық мәдени, тарихи құндылықтарын құрметтеуге баулу мақсатында «Жез ыдыстар – көзайым дүниелер» тақырыбында тарихи-танымдық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында мұражай қорында жинақталған жез ыдыстардың түрлерін (самаурын, шәйнек, құман, леген, құмыра, қазан т.б.) насихаттау арқылы тұрмыста пайдаланылуы туралы түсінік берілді. Сабаққа Атырау Болашақ көпсалалы колледжінің студенттері мен мұғалімдері, мұражай қызметкерлері қатынасты.
Атырау Болашақ көпсалалы колледжінің студенттері