5 ақпанда археология ғылыми-зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен «Батыс өңіріндегі сармат тайпалары» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді

5 ақпанда археология ғылыми-зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен «Батыс өңіріндегі сармат тайпалары» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Танымдық сабақ оқушыларға сармат тайпалары туралы лекция түрінде баяндалып, слайд көрсетіліп және «Тылсым дәуір» экспозициялық залында қазба кезінде анықталған жәдігерлермен (қола қазан, қола айна, сүйек қасық т.б) таныстырылды. Сабақ соңында оқушыларға бекіту сұрақтары қойылып, жауаптар берілді. Танымдық сабаққа қалалық білім бөліміне қарасты №15 Абай атындағы орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатынасты.

«Тылсым дәуір» экспозициялық залында «Батыс өңіріндегі сармат тайпалары» атты танымдық сабақ барысында оқушылардың жәдігерлермен танысу сәті

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru