Мемлекет және қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы Саламат Көңілқошұлы Мұқашевтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ғұмыр жолы өнеге» атты көрме

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейі   2017  жылы 3 қараша сағат 16.00-де Махамбет атындағы қазақ драма театрында Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы С.К.Мұқашевтың 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ғұмыр жолы өнеге» атты көрменің ашылуы  болып өтті.

Саламат Мұқашев 1927 жылы 20 қазанда Гурьев (Атырау) қаласында дүниеге келген. Төрт мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, екі рет «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ КСР және Қазақстан Республикасының «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Атырау каласының, облысының және Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Құрметті азаматы.

Атырау облысының түлегі, Мемлекет және қоғам қайраткері,  туған өлкесінің өркендеуіне, оның экономикасы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан азамат С.К.Мұқашевтың кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие болар өмір белестеріндегі басқарушылық қасиетін, еңбекқорлығы мен парасаты мол ізгі бастамаларын насихаттаумақсатында жасақталған көрмеге   өмірбаяндық деректері,    Атырау мен Маңғыстау облыстарын басқарған сәттерінен, облыстық, республикалық кәсіподақ саласындағы, КОКП съездерінде түскен фотосуреттері, тұтынған жеке бұйымдары, кітаптары, алған марапаттары, орден-медальдары  қойылды.     

Көрмені барлығы  300  адам тамашалады.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru