Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылдың 26-шы қыркүйегінде сағат 11.00-демузей қорындағы жез бұйымдар коллекциясынан «Ыдыста да ырыс бар» атты көрме өткізілді.
Көрермендерді музей қорында жинақталған жез бұйымдар түрлерімен таныстырып, жезден жасалған ыдыс, бұйым түрлерінің шығу тарихы, олардың қолданылуы туралы толықтай мағлұматтар беру мақсатында ұйымдастырылды.
Көрмеге 2017 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес жыл ішінде қалпына келтіріліп және тазалау жұмыстары жүргізілген жез ыдыстардың түрлері (самаурындар, шәйнектер, секер салғыш, сүт құйғыш, құман, қазан, леген, құмыралар т.б.)музей қорындағы жез ыдыстар коллекциясы бойынша жинақталған барлығы 86 дана жәдігер қойылды. Атап айтқанда, музей қорына 2000 жылы қабылданған Атырау облысының, Исатай және Индер аудандарының «Құрметті азаматы» Маштахов Ғатихтың тұтынған самаурыны (ХІХ-ХХ ғ.ғ), «Ағайынды Шмариндердің», «Александр Степанович Баташевтің» ХІХ ғасырларда Ресейдің Тула қаласындағы зауыттарынан шыққан шоқ самаурындары,сыйымдылығы 4 литрлік жез шәйнектер, «Шмидт Одесса» деген жазуы бар жез қоңыраулар, жез құмыралар мен құмандар т.б қойылды. Бұл жез ыдыстардың барлығы әр жылдары жекелеген адамдардың тапсыруларымен жинақталып, музей қорын толықтыруда.
Көрмені Экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің экскурсоводы Д.Бисембаева таныстырды.
Көрмеге «Қазақстан-Атырау» телеарнасы мен Республикалық «Хабар» телеарнасының журналистері, Атырау индустриалды колледжінің студенттері мен мұғалімдері, мұражай қызметкерлері қатынасты.