Алашорда үкіметінің 100 жылдығына және 31 мамыр саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» тақырыбындағы көрме

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 2017 жылы  31 мамырда Алашорда үкіметінің 100 жылдығына және  31  мамыр   саяси  қуғын-сүргін  құрбандарын  еске  алу  күніне   орай  «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік»   тақырыбында  көрме музейге келуші көрермендерге, көпшілікке  ұсынылды.

Көрме Алаш қайраткерлерінің және саяси қуғын - сүргін  құрбандарының өмір жолдары мен атқарған қоғамдық – саяси қызметтерін тереңінен зерттей отырып,  Алаш зиялыларының ұстанған идеясын,  зұлмат  заман  зардабын түсіндіру   мақсатында өткізілді.

Қазақ тарихының  белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі. Сол  жолда тар  жол  тайғақ  кешіп,  қуғындалғандары  да  жетерлік. Сондықтан бүгінде еліміздің мемлекеттілігі туралы тарихын қозғау қажеттілік болып табылады.

Бүгінгі егемендігіміздің, тәуелсіздігіміздің тарихында Алаш атын аспандатқан арыстарымыздың үлесі орасан және дәлелдеуді қажет етпейтіні ақиқат. Олар келер ұрпаққа қиыннан қиып жол салып, еркіндіктің отын өшпестей етіп тұтатып кетті.

Көрмеге бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы, бастауы – осы Алаш арыстары мен саяси  қуғын - сүргін  құрбандарыӘлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жаһанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаевтың  және   Сүгірұлы Насихат, Ақботин  Халит,  Мұхитов  Біләл, Құдайбергенов Алпан және т.б. фотосуреттері мен өмірбаяндары, құжаттық материалдары, барлығы 64 дана жәдігер  қойылды.

Көрмені «Алға»  ауылдық  мәдениет үйінің  ардагерлері, студенттер  мен  музей  қонақтары   тамашалады.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru