«Сарайшық: ұлы қаланың тарихы» тақырыбындағы жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2017 жылғы 3 сәуірде Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Сарайшық: ұлы қаланың тағдыры» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми конференциядаАтырау облысы тарихи-өлкетану музейі және «Хан Ордалы Сарайшық» музей-қорығықорларынан«Сарайшық: ұлы қаланың тарихы»  тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Көрме Алтын Орда дәуірінде Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды діни және саяси  экономикалық орталық, Қасым хан билігі (1511-1520) кезінде Қазақ хандығының астанасы - қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі-Сарайшыққаласының тарихы және көне Сарайшыққа  жүргізілген қазба жұмыстары кезінде  табылып, Атырау облысы тарихи - өлкетану музейі және «Хан Ордалы Сарайшық» музей-қорығы  қорларында жинақталған археологиялық  бұйымдарды халықаралық ғылыми конференцияқатынасушыларына насихаттау  мақсатында өткізілді.

Көрмеге Сарайшық тарихына байланысты мәліметтер мен фотосуреттерден құралған 10 дана стенд, тақырыпқа сай 273 дана археологиялық  заттай   бұйымдар:   атап   айтқанда     әшекей бұйымдары,қола     айналар, қыш     ыдыстар, сфереконус, шығыр, құбыр, шырағдан, тиын сауыт, ұршық басы, сүйектен жасалған бұйымдар, метал бұйымдар, Сарайшық тиындары, қыш кірпіштер, тас бұйымдар, құман, құмаршық дәні, кітаптар, картиналар, қазба жұмыстарының ғылыми есептері және музей қорындағы қаптама плиталар коллекциясынан «Қыш тақталар» атты  көрмесі  жасақталып, қойылды.

Көрмегебұрын–соңды жылжымалы көрмелерге шығарылмаған Атырау облысы тарихи - өлкетану музейі қорындағысыртқы бетінде Ортаазиялық түріктің әдеби тілінде жазылған шығыстың көрнекті  ақыны Жүсіп Баласағұнидың ХІ ғасырда жарыққа шыққан «Құтты білік» атты дидактикалық поэмасынан үзінді келтірілген қыш хұм (ХIV ғ.) қойылды. Аталған хұм 1909 жылы Сарайшықтан табылған.  Биіктігі 80 см, түбінің диаметрі 23 см.

Көрме барысында Қазақстан-Атырау телеарнасы  дайындаған Сарайшық қаласы туралы «Жаңғырық» деректі фильмі конференцияға қатынасушылардың   назарына ұсынылды. 

Көрмені Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және халықаралық ғылыми  конференцияға   қатынасушылар мен Ұлттық музей қонақтары, барлығы 460 көрермен тамашалады.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru