«Жасампаздықтың 25 жылдығы» тақырыбында облыстың жетістіктері бойынша уақытша көрме

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде ҚР  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылғы 5 желтоқсан күні  Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамының идеяларын насихаттау мақсатында  «Жасампаздықтың 25 жылдығы»  тақырыбында  облыстың жетістіктері бойынша уақытша көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге тәуелсіздік жылдарындағы Атырау облысының мұнай, денсаулық саласы, білім мен спорт жетістіктері  арнайы планшеттердегі текст, фотосуреттер  арқылы таныстырылып,  Индустрияландыру картасы шеңберінде  жүзеге асырылған жобалар бойынша облыстағы инновациялық мекемелер: «Заман нан», «Алмалы Құс» ЖШС, «Первомай» ЖШС, «BRANDO» ЖШС, «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС, «Асыл Агро» ЖШС, «Атырау – Бөдене» ЖШС, «Атырау Агро Феликс» ЖШС, «РауанНалко» ЖШС,«Сарайшық» асыл тұқымды шаруашылық»,«Полимер Продакшн» ЖШС тарихы, фотосуреттері слайд арқылы  музей көрермендеріне насихатталды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru