Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында 2016 жылғы 24 қараша күні Атырау қалалық білім беру бөліміне қарасты №2 орта мектебінде «Тәуелсіздік нұрландырған - Атырау» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Көрмеге орта ғасырлық Сарайшық қалашығынан табылған археологиялық бұйымдар, Еділ-Жайық перзенті, Мысыр елін 17 жыл билеген даңқты Бейбарыс сұлтан, Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы сынды тарихи тұлғалардың мұрағаттық құжаттарынан құрастырылған планшеттер мен этнографиялық тұрмыстық бұйымдар, ағаш ыдыстар, зергерлік әшекей бұйымдары оқушылар назарына ұсынылды.