«Күй аспанының Қаршығасы»

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы 2016  жылғы 11 қазанда Махамбет атындағы қазақ драма театрында  Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік және Махамбет атындағы сыйлықтарының лауреаты, профессор,  күйші, сазгер  Қ.Ахмедияровтыңтуғанына 70 жыл толуына орай  «Күй аспанының Қаршығасы» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды.

КөрмегеҚаршыға Ахмедияровтың өмір жолы және өнердегі  гастрольдік сапарларынан сыр шертерлік фотосуреттері, жеке сахналық костюмі, кітаптары, домбырасы, дисклері және т.б көптеген құжаттық материалдары барлығы, 69 дана жәдігер қойылып, еске алу кешіне қатынасушыларға кеңінен насихатталды.

Аталған шараға күйші Қ.Ахмедияровтың жанұясы, Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев және Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.Нәутиев, Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ә.Жоламанов және облысымызға танымал күйшілер,  қоғам және мәдениет қайраткерлері, мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru