2016 жылдың 25 шілде күні Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайында ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, 25-27 шілде аралығында өткен «Ұлттық музей сенің қалаңда!» атты мәдени турының ашылу салтанаты болып өтті

2016 жылдың 25 шілде күні сағат 11.00-де Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайында ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, 25-27 шілде аралығында өткен «Ұлттық музей сенің қалаңда!» атты мәдени турының ашылу салтанаты болып өтті. Мәдени саяхаттың маңызы-Тәуелсіз Қазақстанның символына айналған «Алтын адам» жәдігерін алыс-жақындағы жұртшылықтың толығырақ танысуына және тек музей төрінде тұратын бағалы мұрамен жақынырақ түсініп зерделеуіне мүмкіндік беру.

2016 жылдың 25 шілде күні 18.00-23.00 сағат аралығында Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен «Мұражай түні» мерекелік шарасы өткізілді. Мерекелік шара мұражай алаңынан бастау алып, мұражайға келушілерді әже-апаларымыз су тасыған бүгінгі күнде қолданыста жоқ иінағашпен су тасытып жарыстыру және асыл мұрамыз киіз үйді құрып жарыстыру арқылы мұражай түніне тегін кіру билеті ұсынылды. Мұражай фойесінде қор бөлімінде жинақталған әр жылдардағы мерекелік значоктар мен нумизматика (қағаз ақшалар, монеталар) саласы бойынша көрмелер көрермен назарына ұсынылды.

Этнография экспозициялық залында ата-бабамыздың ұлттық тағам түрлері-жент, құрт, қол диірменінен талқан жасау жолдарынан түсінік бере отырып, қонақтардың өздері де жасап әрі дәмін татуына мүмкіндік жасалды. Археология экспозициялық залында қышшы шебер М.Ерғалиев шеберлік сағатын ұйымдастырды. Шебер сазбалшықты таңдау, құмыраның жасалу жолдары, тарихы жөнінде түсінік бере отырып, құмыра жасауды үйретті. Мұражайға 25-27 шілде аралығында барлығы 2973 көрермен келді.

Көрермендерге қазақ халқының баспанасы киіз үйдің құрылуы көрінісінен жарыс өткізу сәті

Сазбалшықты таңдау, құмыраның жасалу жолдары, тарихы жөнінде қышшы шебер М.Ерғалиев өткізген шеберлік сағаты

Мұражай көрермендерінің ата-бабамыздың ұлттық тағам түрлерінен дәм тату сәті

Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері экспозициялық залдармен танысу сәті

ҚР Ұлттық музейінің этнология бөлімінің ғылыми қызметкері П.Мұсылманқұлдың Есік қоррғаннан табылған «Алтын адамды» көрермендерге таныстыру сәті

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru