«Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» көрмесінің ашылу рәсімі

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы қорынан 2016 жылы 15 маусым -15 шілде аралығында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи -мәдени қорық – мұражайына «Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және мұражайлар ісін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған көрмеге Атырау өлкесінің тарихы мен тарихи тұлғаларға арналған 13 дана планшет, 342 дана заттай жәдігер апарылып, археологиялық қазба жұмыстарының жауһарлары-«Алтын киімді адамның» және ортағасырлық Сарайшық қаласынан табылған жәдігерлер, Бейбарыс сұлтанның қабірінен алған тас бөлігі, мамлүктер тапаншасы, Жүзбатырдың қайрақтасы, хандар мен батырлардың мөрлерінің көшірмесі, күй атасы Құрманғазының мылтығы, күй анасы Динаның домбырасы, атыраулық кеңес одағының батырлары мен ақын-жазушыларының өмірдеректері мен ұстап тұтынған бұйымдары, мұражай қорында жинақталған саз аспаптар коллекциясы т.б көптеген мұражай құндылықтары көрермен назарына ұсынылды.

Көрме көпшілік назарына 15 шілдеге дейін бір ай көлемінде жұмыс жасап, көрмені 35439 адам тамашалады. Оның ішінде ересектері-23634, оқушылары-3636, студенттер-7133, шетелдік азаматтар-1036. Көрмені халыққа кеңінен насихаттау мақсатында жергілікті телеарналардан көрсетілді. «Түркістан» қоғамдық-саяси газетінің 8 шілдедегі №30 санына мұражайдың баспасөз қызметінің «Түркістан мен Атырауды жақындатқан көрме» атты мақаласы жарық көрді.

«Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» көрмесінің ашылу рәсімі.

Көрермендердің көрмені тамашалау сәті.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru