31 мамыр саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алаш арыстары-Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы, Жаһанша Досмұхамедовтың 130 жылдығы және Атырау облысы бойынша қуғын – сүргін құрбандары құжаттарынан «Алаш мұраты - Тәуелсіздік» атты көрме жасақталып, шара өткізілді. Көрмеге мұражай қорында жинақталған Алаш қозғалысының қайраткерлері Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, өлкемізде жазықсыз жазаланғандар Х.Ақботин, Қ.Есқалиев, А.Құдайбергенов, М.Біләлов, Ғ.Қарабалин, Қ.Есембаев, Ө.Исмурзин, Ж.Бердиев және т.б фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары, ақталу туралы анықтамалары, куәліктері, барлығы 50 жәдігер қойылды.