23-25 ақпан аралығында «Музей жұмысын ұйымдастыруда жаңа жобаларды қолдану тәсілдері» атты аймақтық семинар-тренинг ұйымдастырылды

23-25 ақпан аралығында «Музей жұмысын ұйымдастыруда жаңа жобаларды қолдану тәсілдері» атты аймақтық семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар–тренингке Мәскеу орталық даму музейінің жетекші - сарапшысы А.Артамонов, «Қоғамдық даму зертханасы» ҚБ, «ДЕШТ-и-Арт» заманауи мәдениет орталығының директоры Л.Плетникова және тарих ғылымдарының кандидаты, «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының ғылыми хатшысы Ғ.Файзуллина лекциялар оқып, қатынасушылар әр түрлі жобалар бойынша жұмыс жасады.

Семинар-тренингке Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының жәнеАтырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына қарасты Хан Ордалы Сарайшық, Қызылқоға, Жылыой, Мақат, Махамбет аудандық мұражайлары мен аудандық бөлімше меңгерушілері, Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейі және Атырау облысы тарихи өлкетану музейінің бөлім меңгерушілері мен мамандары қатынасты. Үш күндік семинар-тренинг барысындағы лекциялар қорытындыланып, «Ғасырлар ширегіндегі Орал», «Сүйікті қалам», «Мұражайға отбасымен бірге», «Ұлттық мұра айшығы», «Итальяндық картадағы Ақтөбе-Лаэти», «Серікбол Қондыбаев атындағы мифологиялық музей» тақырыбындағы жобалар қорғалды.

Аймақтық семинар-тренинг жұмысына қатынасушы 30 маманға Атырау облысы әкімдігі және «Қоғамдық даму зертханасы» ҚБ, «ДЕШТ-и-Арт» заманауи мәдениет орталығының сертификаты тапсырылды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru