Зергерлік бұйымдар коллекциясына Қазақстанның Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс аймақтарымен қатар, Моңғолияның Баян-Өлгей, Солтүстік Кавказ, тағы басқа жерлерден жинақталған 172 дана зергерлік бұйымдар қамтылып, бірнеше бөлімге топтастырылды. Олар жүзіктер (ер адамдардың, әйел адамдардың, құдағи жүзіктер, құстұмсық жүзіктер, отау жүзіктер), білезіктер, өңіржиектер, бойтұмарлар, шолпылар, шашбаулар, белбеулер, қапсырмалар, түймелер, сырғалар, шекеліктер, сондай-ақ әртүрлі әшекей бұйымдар (оттық, тазалық жиынтығы, үкіаяқ, моншақ, т.б) коллекциялары. Кітапта музей қорын толықтыру мақсатында әр жылдарда музей мамандарының аудандарға ұйымдастырған ғылыми этнографиялық экспедициялары және зергелік бұйымдар коллекцияларының сынамалық тексерістен өткен, анықтау жұмыстары туралы «Мәдени мұра – ел қазынасы» тақырыбындағы Этнография ғылыми-зерттеу секторының жетекшісі С.Нұрпейісованың мақаласымен, 14 топқа бөлінген зергерлік бұйымдар коллекциясы және музейдің Астана, Шымкент, Ақтөбе, Маңғыстау, Орал және Ресей Федерациясының Астрахань, Калмыкия және Ұлыбританияның Лондон астанасына ұйымдастырылған жылжымалы көрмелері мен мәдени шаралары туралы «Музей тарих айнасы» еңбектерінде қамтылды. !! Ғылыми катологтың электронды нұсқасымен осы сілтемеге http://online.anyflip.com/qmwb/rmkt/ өту арқылы таныса аласыздар