ҚАРУ-ЖАРАҚТАР КОЛЛЕКЦИЯСЫ

к 3Қару-жарақтар топтамасы жинақталған каталогқа музей қорындағы қару-жарақ коллекциясы ішінен тарихи тұлғалардың ұстап-тұтынған қару-жарағы, жауынгерлік киімі және музейге қарасты аудандық бөлімшелердің қорындағы коллекциялары да енгізілді. Музей қорындағы 1999 жылы Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Атырау облысына жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде Аралтөбе қорғанынан табылған жебе ұштары, темір қылыш, сондай-ақ неолиттік жәдігерлер Сарықамыс-4 тұрағынан табылған ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығынан «қозыжауырын», Иманқара қорғандар тобынан «үш қанатты», Қызылқоға ауданы территориясынан табылған жебе ұштары қанатының қырлары дөңес жебе түрлері, 2003 жылы ҚР Премьер Министрі болған И. Тасмағамбетовке Каирге барған сапарында сыйға берген «Сұлтан Бейбарыс» экспозициясында орын алып отырған мамлюктер тапаншасы, ұлы күйші, сазгер Қ. Сағырбайұлының және халық батыры, саяси қуғын-сүргін құрбаны Қ. Қожақметұлының қосауыз мылтығы, белгілі Мемлекет және қоғам қайраткері О. Көшекұлының өзі ұстаған аңшылық мылтығы, «Данқ» орденінің толық иегері Е. Полыниннің жауынгерлік флягы, Кеңес Одағының Батыры Б.Нысанбаевтың ерлік көрсеткен жері Лески деревнясынан алынған снаряд жарқыншағы мен мылтық оқтары, ортағасырлық зеңбіректер мен ядросы ерекше қызығушылық тудырады.

  Қару-жарақтар коллекциясына енгізілген музей қорындағы қару-жарақтар қазақтың «Бес қаруы» негізінде топтастырылып, жинақ арнайы төрт бөлімге топтастырылды. Атап айтқанда, ату қаруларының түрлерімен қатар, түрлі зеңбірек, мылтық оқтары 50 с.б., екінші бөлім шабу-кесу қарулары бөлімі бойынша 26 с.б., үшінші бөлім түйреу-соғу қарулары бойынша 5 с.б., төртінші жарақтар бөліміне 12 с.б. енгізілді. Сонымен қатар, өлкемізде орта ғасырларда орын алған ұлт-азаттық көтерілістер тарихын зерттеген белгілі тарихшы ғалымдардың атап айтқанда тарих ғылымдарының докторы Қ.Табылдиевтың, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі А.Шамғоновтың, тарихшы Ж.Доспановтың мақалалары мен музейде өткізілген мәдени шаралардың көрінісі бейнеленген фотосуреттері және тарихи деректі құжаттар орын алды. 
!! Ғылыми катологтың электронды нұсқасымен осы сілтемеге http://online.anyflip.com/qmwb/hgdo/ өту арқылы таныса аласыздар

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru