Мұхамбетқали Қуанышқалиұлы Кипиев

Мұхамбетқали Қуанышқалиұлы Кипиев алғашқы еңбек жолын 1994-2005 жылдары облыстық халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығында ұйымдастырушы қызметінен бастады. Мұнда жүріп облыстық тарихи-өлкетану музейінде фотограф-оператор, жетекші ғылыми қызметкер, этнография және археология бөлімінің меңгерушісі, тарихи-мәдени мұраны қорғау кәсіпорынында бас маман, басшы орынбасары қызметтерін атқарды.

2005-2010 жыл аралығында облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы басшысының орынбасары, инспекция басшысы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы лауазымында болды.

2010-2022 жылдары ҚР Мемлекеттік орталық музейінде қорды есепке алу, сақтау және қалпына келтіру бөлімшесінің жетекшісі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Бас директорының бірінші орынбасары, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы болып еңбек етті.

2022 жылдан бастап Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы қызметін атқарады.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru