Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер

Қызыл кітаптың шығу тарихы, Қызыл кітаптың Қазақстанда шыққан алғашқы басылымдары және өлкеміздегі жойылып бара жатқан кейбір жануарлар мен өсімдіктердің түрлері туралы музейдің биолог маманы Мұхамбетқалиева Эльмира Қабесқызының «Қызыл кітап құпиясы» тақырыбындағы видео-дәрісі

Миялы қорғандар тобына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары, тарихи құнды жәдігерлерінің зерттелуі, музей экспозициясына қойылуы туралы Экспозициялық-көрмелік жұмыс бөлімінің маманы  Каримов Айдос Қуанышкерейұлының онлайн-дәрісі 

 

 Аты бүкіл әлемге мәшһүр ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналады. Ғалымның ғылыми еңбектеріндегі асыл құндылықтарды насихаттау мақсатында Жалпы және қазіргі кезең тарихын ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы Айеркем Жамбылқызының онлайн-дәрісі

Халқымыздың біртуар перзенті, қоғам қайраткері, талантты, көпқырлы әмбебап ғалым Халел Досмұхамедұлының медицина ғылымы үшін атқарған еселі еңбегін, бір кездері тарихта обамен күрескен дәрігердің өмір жолын насихаттау мақсатында Бас қор сақтаушы Айгүл Тілешқызының «Халел Досмұхамедов – қазақ медицинасының негізін қалаушы» тақырыбындағы видео-дәрісімен таныс болыңыздар.  

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2013 жылдан бастап  «Жас экскурсоводтар» клубы жұмыс жасап келеді.  Ондағы басты мақсат – жас ұрпаққа ата-бабамыз қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері ретінде туған өлкеміздің тарихын  таныстыру арқылы,  өскелең ұрпақтың музейге деген қызығушылығын арттыру,  мектеп қабырғасынан алған білімін жетілдіру және халық алдында именбей сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға, сөздік қорын байытуға,  жалпы экскурсиялық қызметтің қыр-сырын үйрету.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіндегі тың жобалардың бірі 2016 жылы басталған «Музейлік квест» интелектуалды ойыны. Қазіргі уақытта бұл жоба облыс көлеміндегі тарихи құндылықтарды насихаттайтын үлкен телевизиялық жобаға айналып отыр.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru