Ғылыми зерттеу
жұмыстары
Археологиялық
зерттеулер
Бірегей
жәдігерлер
Өлке
тарихы
Slider

Құрметті музей қонақтары!

Атырау облыстық тарих-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз! Біздің веб-сайттан Сіз музей жұмысының негізгі бағыттары, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар мен көрмелер туралы біле аласыз, музей қорындағы коллекцияларды тамашалап және музейдің онлайн қызметтерін қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі Демалыс күні
Сейсенбі 09:00-18:00
Сәрсенбі 09:00-18:00 
Бейсенбі 09:00-18:00 
Жұма 09:00-18:00 
Сенбі 09:00-18:00 
Жексенбі 09:00-18:00
Түскі үзіліс 13:00-14:00

«Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні»

Виртуалды тур
3D модельдер
Бейне роликтер

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, төре күйлердің негізін қалыптастырушы, артында өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы күйші Дәулеткерей Шығайұлының туғанына 200 жыл толуына орай  онлайн дәріс.

 Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы №64 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Атырау облысы тұрғындары арасында короновирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қарасты шаралар туралы" 11.09.2020 жылғы №65 қаулысына сәйкес  2020 жылдың 14 қыркүйегінен бастап Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі және музейге қарасты қалалық, аудандық, ауылдық бөлімшелер көрермен қабылдауды қайта бастады.   

Күш-қайраты ер азаматтардан кем түспеген, дала заңын жатқа білген тылдың батыры – Маржан Енбаева туралы видео-дәріс. Маржан Енбаева Индер ауданы, Елтай ауылында дүниеге келген. 18-ден асқан шағында 1942-1946 жылдар аралығында колхоздың 300-дей жылқысын шашау шығармай бағып, вагонмен соғысқа жөнелтіп отырған Ерен еңбегі үшін 1948 жылы 24 жасында Социалистік Еңбек Ері атанған.

Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнерін насихаттауға арналған  онлайн экскурсия. Ұлттық мәдениет пен тарихтың күрделі бөлігі, тамыры ғасырлар тереңдігінде жалғасып келе жатырған ұлттық бұйымдарды шет елдік көрермендерге таныстыруға бағытталған экскурсияны музейдің жас маманы Әділхан Еңілік ағылшын тілінде жүргізді 

«5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне» орай Ұлттық ыдыстар түрлеріне арналған «Ырысы тасыған ыдыстар» онлайн экскурсия.

Музей қорындағы жәдігерлерді цифрландыру жұмыстары бойынша Атырау облысы тарихи өлкетану музейі қорындағы 200 жәдігер 3D форматта дайындалып, музейдің http://atyrau-museum.kz/ ресми сайтына және экспозициялық залдардағы сенсорлық экрандарға орналастырылды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru