Атырау облысы әкімі С.Шәпкеновтың төрағалығымен 2023 жылғы 11 тамызда өткен «Сарайшық музей қорығының даму жоспары мен ортағасырлық Сарайшық қалашығының мәселелері» тақырыбындағы жиынның хаттамасына сәйкес Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне ортағасырлық Сарайшық қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылған болатын. Осыған орай 4-ші қыркүйектен бастап Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жанынан құралған экспедиция өз жұмысын бастады.