Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2023 жылдың III тоқсанының қор іріктеу комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысында биылғы жылдың жоспарына сәйкес ұйымдастырылған этноэкспедицияның нәтижесінде Жылыой, Қызылқоға, Индер аудандарынан музейлік мәні бар заттарды, жеке адамдардың музейге әкеліп тапсырған құжаттай және заттай бұйымдарды және 2022 жылы ортағасырлық Сарайшық қаласының орнынан табылған археологиялық күміс және мыс теңгелер музей қорына қабылданды.