Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2024 жылдың I тоқсанының Қор іріктеу комиссиясының отырысы өткізілді.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2024 жылдың I тоқсанының Қор іріктеу комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысында облыстық музей қорына және Индер аудандық музей бөлімшесі қорына ұсынылған музейлік мәні бар заттар қабылданды.

Наурыз мерекесіне орай «Наурыз көже – Ұлыс дәмі» атты тағылымдық дәріс өткізілді.

19 наурыз Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейінде Наурыз мерекесіне орай «Наурыз көже – Ұлыс дәмі» атты тағылымдық дәріс өткізілді.

Дәріс барысында қатынасушы студенттерге наурыз мейрамының ерекшелігі туралы мағлұмат беріліп, наурыз көженің маңызы түсіндірілді. Салт-дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл - ел болып, атап өтетіндігі, келген қонақтар да «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, бәле - жала жерге енсін» - деп амандасып, Наурыз мерекеге ұласып, көже ішіліп, түрлі сауық - сайрандар ұйымдастырылған. Наурыз көже – Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Ежелден келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көженің дайындалу жолдары айтылып, студенттер өздерінің сұрақ–жауаптарымен де дәріс барысында бөлісті.

Тағылымдық дәріске Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері мен мұғалімдері қатынасты. Дәрістен соң студенттер музейдің экспозициялық залдарымен де танысып, тамашалады.

«Көрісу – наурыздың бастауы» және «Тұсау кесу» дәстүрлі мәдени шарасы өткізілді.

16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейінде «Елсана» руханият - патриоттық қауымдастығы мүшелерінің қатынасуымен «Көрісу –наурыздың бастауы» және «Тұсау кесу» дәстүрлі мәдени шарасы өткізілді.

Шара барысында «Елсана» руханият - патриоттық қауымдастығының «Бабалар үні» ақылдастарының «Батагөй» ақсақалы Ақмырза Батырқайырұлы Қазақстанның батыс өңіріндегі қазақ халқында көбірек сақталған ежелгі дәстүр «Көрісу» мейрамының мән – маңызы туралы шараға қатынасушы жастарға әңгімелеп, ақ батасын беріп, жақсы тілектерін арнады.

Тұсау кесу – қазақ халқының тұрмыс – тіршілігіндегі ең әдемі әдет-ғұрыптардың бірі. Шара барысында «Елсана» руханият - патриоттық қауымдастығының президенті Нұрберген Әбдірешұлы Даулетов кішкене сәби Аяттың тұсауын кесіп, сәбиге ақ – тілектерін арнап, ақсақалдар баталарын берді.

Шараға «Елсана» рухани - патриоттық қауымдастығының президенті мен жетекшісі, «Бабалар үні» ақылдастар алқасы, «Алтын адам» марапаттар алаңы, «Көкжал» әскери–патриоттық алаңы, Инабат» аналар алқасы, «Әсем әуен», «Ұлт мұрасы», «Ақ дастархан» бағыттары мен «Дәстүр» салт - дәстүр алаңы, «Ақ сәуле» қолөнер шеберлері алаңдарының төрағасы мен төрайымдары, жетекшілері мен мүшелері, Ұлттық Құрылтайға қатынасушы музейге келген қонақтар, «KEGOC» компаниясының (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) қызметкерлері, музейдегі «Ашық есік» күніне орай келуші жеке көрермендер және Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейінің қызметкерлері қатынасты.

Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейінде Қолөнер шеберлерінің шеберлік сағаты өткізілді.

13-наурыз Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейінде Қолөнер шеберлерінің шеберлік сағаты өткізілді.

Шараның мақсаты: Эстетикалық рухани байлық-ұлттық зергерлік әшекейлер, ағаш және тері бұйымдарының құндылығы арқылы ұрпақтарымызды әдемілікке, әсемдікке, әдептілікке баулу және жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бағыттау болды.

Шеберлік сағатына тері бұйымдарын жасаушы қолөнер шебері, ЮНЕСКО көлемінде өткен Қазақстан қолөнер шеберлерінің дипломанты Кеңес Айыпқалиев, жастайынан ағаш тамырымен сусындап өскен, атадан балаға, баладан немереге дарыған қолөнершілік өнерді дамытып келе жатқан облысымызға, республикаға танымал қолөнер шебері, көптеген байқаулардың жеңімпазы Нұрсұлтан Қалиев, ұлттық мұраны заманға сай жаңғыртып, тастың өзін теңдессіз әшекейге айналдырып, ұлттық нақышты ұлықтап, қазақ даласынан табылған тарихи таңбаларды бұйым бетіне бедерлеп, күмістен құятын шебер, атыраулық жас зергер Қайрат Шапабаев қатынасып, жеке –жеке өздерінің қолөнер жұмыстарын көрсетіп, таныстырды.

Шеберлік сағатына Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының педагог-мастерлері, курс педагогтері қатынасты.

\

Дүниежүзілік теңіз жануарларын қорғау күніне орай «Итбалықтар туралы қызықты деректер» тақырыбында музейлік дәріс өткізілді.

19-ақпан Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне Дүниежүзілік теңіз жануарларын қорғау күніне орай «Итбалықтар туралы қызықты деректер»тақырыбында музейлік дәріс өткізді.

Дәрістің мақсаты: студенттерге Каспий теңізінің эндемигі итбалықтардың тіршілігіндегі ерекшеліктері жөнінде мағлұмат беру, өз өлкесінің табиғатын аялап, қорғай білуге тәрбиелеу, өлкеміздің баға жетпес байлығы жануарлар әлеміне деген мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық қасиеттерін арттырып экологиялық сауаттылықтарын қалыптастыруды насихаттау болды.

Дәріс барысында студенттерге халқымызға ғасырлар бойы пана болған қасиетті Каспий теңізі жөнінде, Каспий итбалығының зерттелуі, биологиясы, қоректенуі, түлеуі, көшуі (миграциясы), таралуы, экологиясы, маңызы және Каспийдің көркіне айналған жануардың азаю себептері туралы түсінік берілді. Табиғаттың тамаша туындысы, Каспий экожүйесінің ең маңызды бөлігі Каспий итбалығы жөнінде «Иең қайда, итбалық?!» тақырыбында деректі фильм көрсетілді.

Нұралы Әжіғалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай “Жырым менің- жанарым елге қарар” атындағы танымдық дәріс өткізілді.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын Нұралы Әжіғалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай, “Жырым менің- жанарым елге қарар” атындағы танымдық дәріс өткізілді. Дәріске Х.Доспанова атындағы орта мектептің оқушылары және мұғалімдері қатысты. Танымдық дәрістен кейін оқушылар экспозиялық залдар бойынша экскурсия тыңдады.

14 ақпан күні Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейі мен «Елсана» рухани - патриоттық қауымдастығының «Инабат» аналар алқасы, «Ұлттық мұра» алаңының мүшелерінің бірлесуімен «Ұлттық зергерлік әшекейлер» тақырыбында мәдени шара өтті.

Мәдени шараның негізі мақсаты қазақ халқының эстетикалық рухани байлығы – ұлттық зергерлік әшекейлер арқылы ұрпақтарымызды әдемілікке, әсемдікке, әдептілікке баулу және жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету еді. Шара барысында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысының орынбасары С.Өскенбаев қазақ халқының ұлттық құндылығы зергерлік бұйымдар туралы баяндай келе бірлескен шараға сәттілік тіледі.

Шара барысында «Елсана» рухани - патриоттық қауымдастығының «Инабат» аналар алқасының төрайымы К.Мұхтарқызы бастаған бір топ аналар мен қыз – келіншектер, «Ұлттық мұра» алаңының мүшелері, Ы.Алтынсарин атындағы №19 – шы орта мектебінің оқушы қыздары мен оқытушылары қазақ халқының ұлттық қайталанбас құндылығы зергерлік бұйымдардың түрлері; өңіржиек, білезік, құстұмсық жүзік және т.б. зергерлік бұйымдардың жасалу жолдары және тылсым құпиялары, тәрбиелік мәні, адам ағзасына тигізер пайдасы мен емдік қасиеті, өздері тағып, пайдаланып жүрген зергерлік бұйымдардың тарихы туралы баяндады.

Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейі мен «Елсана» рухани - патриоттық қауымдастығының «Инабат» аналар алқасы, «Ұлттық мұра» алаңының мүшелерінің бірлесуімен «Ұлттық зергерлік әшекейлер» тақырыбында мәдени шара өткізілді.

14 ақпан күні Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейі мен «Елсана» рухани - патриоттық қауымдастығының «Инабат» аналар алқасы, «Ұлттық мұра» алаңының мүшелерінің бірлесуімен «Ұлттық зергерлік әшекейлер» тақырыбында мәдени шара өтті.

Мәдени шараның негізі мақсаты қазақ халқының эстетикалық рухани байлығы – ұлттық зергерлік әшекейлер арқылы ұрпақтарымызды әдемілікке, әсемдікке, әдептілікке баулу және жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету еді. Шара барысында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысының орынбасары С.Өскенбаев қазақ халқының ұлттық құндылығы зергерлік бұйымдар туралы баяндай келе бірлескен шараға сәттілік тіледі.

Шара барысында «Елсана» рухани - патриоттық қауымдастығының «Инабат» аналар алқасының төрайымы К.Мұхтарқызы бастаған бір топ аналар мен қыз – келіншектер, «Ұлттық мұра» алаңының мүшелері, Ы.Алтынсарин атындағы №19 – шы орта мектебінің оқушы қыздары мен оқытушылары қазақ халқының ұлттық қайталанбас құндылығы зергерлік бұйымдардың түрлері; өңіржиек, білезік, құстұмсық жүзік және т.б. зергерлік бұйымдардың жасалу жолдары және тылсым құпиялары, тәрбиелік мәні, адам ағзасына тигізер пайдасы мен емдік қасиеті, өздері тағып, пайдаланып жүрген зергерлік бұйымдардың тарихы туралы баяндады.

Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың туғанына 106 жыл, ерлігіне 81 жыл толуына орай “Ерлікке тағзым” атты шарасы өткізілді.

6 ақпан Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Боран Нысанбаев атындағы “Әскери Даңқ” музейінде Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың туғанына 106 жыл, ерлігіне 81 жыл толуына орай “Ерлікке тағзым” атты Нысанбаев Оңдасын және Есенғалиев Ұлықпан ағаларымыз бастаған бір топ Боран Нысанбаевтың туғандары, мекеме қызметкерлері және мектеп оқушыларымен кездесу шарасы өткізілді.

 Индер ауданы, Көктоғай ауылының Қаңбақты құмынан аттанған Боран Нысанбаев тарихтың мәңгі жыртылмас парағына өз қолтаңбасын 1943 жылдың 6 ақпан күні Орел облысы, Покровск ауданы, Лески деревнясын жау қолынан азат ету жолында қастерлі өліммен қалдырды. Теңдесі жоқ ерлік көрсеткені үшін КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 23 қыркүйектегі Жарлығы бойынша қатардағы жауынгер Боран Нысанбаевқа “Кеңес Одағының Батыры” атағы берілген.

Қазақтың атақты биі Келдібекұлы Қазыбек бидің туғанына 365 жыл толуына орай музейлік сабақ өткізілді.

Атырау облыстық тарихи- өлкетану музейінде 17-қаңтар күні Қазақтың атақты биі Келдібекұлы Қазыбек бидің туғанына 365 жыл толуына орай музейлік сабақ өткізілді.

Сабақ барысында оқушыларға қазақтың аса айбынды билерінің бірі-қаз дауысты Қазыбек бидің тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихы, қазақ тарихында дала данышпаны атанған, орта жүздің от ауыз, орақ тілді кемеңгер биі туралы толғамды ой-пікірлер айтылып түсіндірілді.

Аталған сабаққа Ф.Досымова атындағы орта мектептің 7-сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.

 

10-қаңтар күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы К.Сейітованың Атырау облысына сапары барысында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Сарайшықтың даму жоспары жөнінде жиын өтті. Жиында ортағасырлық Сарайшық қалашығына археологиялық зерттеу, реставрациялық және музеефикация жұмыстарын жүргізу бойынша презентациялар қаралды. Жиынға Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ә.Жоламанов , Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, т.ғ.к. А.Оңғар, “Қазқайтажаңғырту” РМК бас директоры М.Бигельдиев, “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар, облыстық мәдениет мекеме басшылары мен ғалымдар қатысты.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2023 жылдың  IV тоқсанының Қор сатып алу (қор іріктеу) комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысында биылғы жылдың жоспарына сәйкес Атырау қаласы мен аудандарының (Жылыой, Мақат, Индер, Махамбет, Қызылқоға) және Қазақстанның аумағынан ақылы негізде алынған музейлік маңызы бар заттар атап айтқанда XIX-XX ғғ этнографиялық заттар, техникалық-механикалық бұйымдар, металл бұйымдары, тоқыма және мата бұйымдары, Алаш қозғалысының қайраткері Халел Досмұхамедұлының гиперреалистік мүсіні, М.Өтемісұлы мен И.Тайманұлының көтерілісіне қатысты ҚР Орталық Мемлекеттік архивінің құжаттары музей қорына қабылданды. Сонымен қатар Құрманғазы, Индер, Х.Ерғалиев аудандық музейлеріне жеке адамдардың музейге әкеліп тапсырған құжаттай және заттай бұйымдарын қабылдады.

 





«Өнегелі өлкенің өрнекті істері» форумы Атырау облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қорында жинақталған жәдігерлерін аудан халқына насихаттау мақсатында Құрманғазы ауданында бастау алған «Мұнайлы өлке,

28-қараша күні Құрманғазы ауданында С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде аудан мектептеріндегі «Өренді өлкетанушы» клубы жанынан құрылған Өлкетану топтарының «Өнегелі өлкенің өрнекті істері» атты жылдық қорытынды форумы өткізілді.

Мектеп жанынан құрылған музейлердің таныстырылымымен басталған шара Амангелді Хайдарұлының алғы сөзімен ашылып, «Құрманғазы ауданының 95 жылдық» мерекелік төсбелгісімен Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Тауфихұлы, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Мұхамбетқали Қуанышқалиұлы, ҚР Жаратылыстану ғылымдарының академиясының толық мүшесі Өтепберген Әлімгерейұлы, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Толыбай Бисенбайұлы және Құрманғазы аудандық музейінің меңгерушісі Жазира Насиполлақызы марапатталды.

Сонымен қатар Атырау өлке тарихын зерттеуде елеулі үлес қосқан азаматтар облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының, аудан әкімінің, аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен, «М.Өтемісұлының туғанына 220 жылдық» төсбелгісі, «Өлкетанушы» төсбелгісімен, “Өренді өлкетанушы” клубының дипломы және Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Өнегелі өлкенің өрнекті істері» форумы Атырау облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қорында жинақталған жәдігерлерін аудан халқына насихаттау мақсатында Құрманғазы ауданында бастау алған «Мұнайлы өлке, шырайлы өлке - Атырау» экспозициясының ашылу салтанатымен жалғасты. Шарада аудан әкімінің орынбасары Амангелді Хайдарұлы, Атырау облыстық-тарихи өлкетану музейінің басшысы Мұхамбетқали Қуанышқалиұлына сөз берілді. Экспозициялық көрмені Құрманғазы аудандық бөлімшесі меңгерушісі міндетін атқарушы Жазира Амандыққызы таныстырды.

 








«Тарихтан тағылым - өткенге тағзым»

15-қараша күні Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі, профессор Халел Досмұхамедұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» тақырыбында ұйымдастырылған көрменің ашылу рәсімінен бейнеролик ұсынамыз.

«Тарихтан тағылым - өткенге тағзым»

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі, профессор Халел Досмұхамедұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» тақырыбында көрменің ашылу рәсімі өтті.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru