«Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – балалардың ой-өрістерін кеңейтіп, өлкенің табиғатымен, тарихымен, мәдениетімен таныстыру арқылы мұражайға қызығушылықтарын дамыту болды.

Халықаралық музейлер күніне орай қала тұрғындары мен қала қонақтарын Атырау өлкесінің тарихы, мәдениеті, табиғаты, этнографиясы және археологиясымен тереңірек таныстыру, жергілікті қолөнер шеберлерінің туындыларынан көрме – жәрмеңкесін ұйымдастыру арқылы көпшілікке насихаттау мақсатынд 18 мамырда сағ: 18.00-23.00 аралығында «Музей түні» өткізілді.

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлік істерін насихаттауда Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз, Қазақстанның Халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың «Жауынгер монологы» кітабындағы кейіпкер Қ.Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ерлігі мен өмірі өнеге» атты көрме және еске алу шарасы өткізілді.

5 мамырда Ұлы Жеңістің 71 жылдығына және Халық қаһарманы Х.Доспанованың туған күніне орай "Патриоттық әндер" сайысы өтті. Мәдени шара Ақтөбе қаласынан келген "Әлия, Мәншүк, Хыйуаз" қыздар патриоттық клубы "Әлия гүлі" би тобының қатынасуымен Х.Доспанованың ескерткішіне гүл шоғын қойып, ерлігіне тағзым етуден басталды. Сайысқа Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы, А.Сүндетов атындағы медициналық колледж студенттері және Атырау қалалық білім беру бөліміне қарасты мектеп оқушылары қатынасып, патриоттық әндер шырқалды. Сонымен қатар "Әлия гүлі" би тобы қатынасып, өнерлерін көрсетті.

29 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан Тәуелсіздігі» экспозициялық залының ашылуы рәсімі өткізілді.

26 сәуірде Чернобылдегі атом электростанциясындағы ядролық апатқа 30 жыл толуына орай «Чернобыль жаңғырығы» атты көрменің ашылу рәсімі өтті.

Қазақстанның халық әртісі Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 70 жыл толуына орай «Күй өнерінің тарланы» атты оқырмандарды күйші - домбырашы Қаршыға Ахмедияровтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру, қазақтың күй өнерін дәріптеу мақсатында әдеби – сазды кеш ұйымдастырылды.

2016 жылғы 15 сәуірде сағат 15:00-де археология ғылыми-зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған «Өлкеміздегі археологиялық ескерткіштер» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Сабақты «Өлке тарихы» экспозициялық залында, археология ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі А.Тұрарұлы өткізді. Қалалық білім бөліміне қарасты №12 Ф.Досымова атындағы орта мектептің 10 А сынып оқушыларына сабақ барысында Атырау өңіріндегі тарихи-археологиялық орындар туралы мәліметтер беріліп, өлке тарихы мәдени мұраларымыз туралы баяндалып, ежелгі кезеңдерге қатысты облыс аумағындағы археологиялық ескерткіштер туралы слайд көрсетілді. Сабақ соңында оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауаптар беріліп, мұражайдың экспозициялық залдарына экскурсия жүргізілді.

2016 жылы 8 сәуір күні «Мұражайдың ғажайып әлемі» тақырыбында танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушыларға ұлттық ойындарды насихаттау арқылы ой-өрістерін кеңейтіп, өлкенің табиғатымен, тарихымен, мәдениетімен таныстыру арқылы мұражайға қызығушылықтарын ояту болды.

7 сәуір – Геологтардың кәсіби мерекесіне орай Қазақстанның пайдалы қазбаларын зерттеп, оларды халықтың тиімді пайдалануына еңбек еткен, геологтардың өмір жолдарын жас буын өкілдеріне үлгі-өнеге ету мақсатында «Жер қойнауын барлаушылар» атты мәдени шара және көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстан мұнайшы-геологтар республикалық қоғамының, геология саласы ардагерлерінің, облысымыздағы мұнай- газ барлау мекемелерінің фотосуреттері, кітаптары, құжаттары, дипломдары, алғыс хаттары қойылды. Көрмеге барлығы 46 фотосурет, 13 жәдігер қойылды.

1 сәуірде Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда «Хан ордалы - Сарайшық» мұражай-қорығының басшысы, Қазақстан Республикасының Туризмді дамыту саласының құрметті қызметкері, ҚР Мәдениет қайраткері М.Бердімұратовтың 80 жасқа толуына орай еңбек және өмір жолдарын кейінгі жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Сарайшық деп соққан сыршыл жүрек» тақырыбында көрме мен мәдени шара ұйымдастырылды.

11 наурызда экскурсиялық – бұқаралық жұмыс бөлімі Бөкей ордасының 215 жылдығына орай «Бөкей ордасындағы Жәңгір ханның саяси тұлғасы» тақырыбында тарихи-танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға «ХІІ-ХХ ғасырлардағы өлке тарихы» экспозициясындағы Жәңгір хан туралы деректер мен заттай жәдігерлер таныстырылып, слайд арқылы түсіндірілді. Сабаққа №15 Абай атындағы орта мектебі оқушылары қатынасты.

4 наурызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тылдағы аналардың өмірі туралы Тылда – еңбек майданы, соғыста – ерлік майданы» атты тарихи-тағылымдық ерлік сабағы өткізілді. Сабақ барысында «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы» экспозициялық залындағы Атырау облысы бойынша соғыс жылдарында тылда еңбек еткен аналар Енбаева Маржан, Қожахметова Қанаш, Шағырова Нәбираның және Гурьев-Астрахань теміржолының құрылысына қатысушы тыл ардагерлерінің еңбектері, ерлік істері туралы айтылып, тыл еңбеккерлері туралы видеоролик, слайд дайындалып көрсетілді. Сабаққа Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп гимназиясы ұстаздары мен оқушылары қатынасты.

4 наурызда Алаш қозғалысының жетекшісі, Алаш орда автономиялы үкіметінің төрағасы публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Алаштың ардақтысы» атты тарихи тағылымдық сабақ өткізілді. Сабақ барысында «ХІІ-ХХ ғасырлардағы өлке тарихы» залында оқушыларға Алаштың ардақтылары туралы видео роликпен слайд арқылы түсіндірілді. Сабаққа №21 Жамбыл атындағы орта мектептің ұстаздары мен оқушылары қатынасты.

1 наурызда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алғыс айту күніне орай отбасын құрғандарына 50, 25 жыл толған және үстіміздегі жылы отбасын құрған әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған отбасыларымен «Отбасы – ұлттың тірегі» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне отбасы құрғандарына 50 жыл толған Исатай ауданының тұрғындары, қазақ және татар ұлт өкілдерінен құралған Сергей-Равиля Нығметжановтар жанұясы, отбасы құрғандарына 25 жыл толған Махамбет ауданының тұрғындары, қазақ және удмурт ұлт өкілдерінен құралған Ибрагим-Мария Лекеревтер жанұясы және үстіміздегі жылы отбасын құрған Алмаз-Салтанат Тілегендер жанұясы қатынасты.

18 ақпанда мұражай қорындағы жез ыдыстар түрлерімен жастарды таныстыру, өз елінің ұлттық мәдени, тарихи құндылықтарын құрметтеуге баулу мақсатында «Жез ыдыстар – көзайым дүниелер» тақырыбында тарихи-танымдық сабақ өткізілді.

15 ақпанда Жеңіс саябағында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай Ауғанстан мен тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш кешенінің тарихы туралы «Жауынгерлер туралы естелік» атты мектеп оқушыларына тарихи – тағылымдық саяхат өткізілді.

10 ақпанда Х.Досмұxамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті мен Атырау мұнай газ институтында белгілі суретші, иллюстратор, блогер Аңсаған Мұстафамен және "Ақ босаға" газетінің бас редакторы Шолпан Ұғыбайқызымен кездесу кеші өтті! Кеш барысында Аңсаған Мұстафаның осы өнер жолына келуі,суреттерінің әлеуметтік желіде кең таралуы әңгімеленді.Қызығушылық танытқан студенттерге автор өзінің соңғы кезде айналысып жүрген кәсібі ұлттық нақышта өз қолынан салынған суреттері бар футболкаларын табыстады.

5 ақпанда археология ғылыми-зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен «Батыс өңіріндегі сармат тайпалары» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Танымдық сабақ оқушыларға сармат тайпалары туралы лекция түрінде баяндалып, слайд көрсетіліп және «Тылсым дәуір» экспозициялық залында қазба кезінде анықталған жәдігерлермен (қола қазан, қола айна, сүйек қасық т.б) таныстырылды. Сабақ соңында оқушыларға бекіту сұрақтары қойылып, жауаптар берілді. Танымдық сабаққа қалалық білім бөліміне қарасты №15 Абай атындағы орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатынасты.

25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Аталған шараға Өскемен қаласынан келген қонақтар мен Атырау қаласының тұрғандары, №1 В.Ленин атындағы, №12 Ф.Досымова атындағы, №13 Д.Байбосынов атындағы, №15 Абай атындағы мектеп оқушылары, №4 туберкелезді – санаторий интернаты және №9 «Алия», №25 «Еркемай» балалар бақшасынан барлығы 290 көрермен қамтылды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru