«Спорт - біздің серігіміз» атты пара дзюдошылармен және жаттықтырушылармен кездесу шарасы ұйымдастырылды

Музейімізде «Спорт - біздің серігіміз» атты пара дзюдошылармен және жаттықтырушылармен кездесу шарасы ұйымдастырылды.

Кездесу шарасына ҚР-ның Құрметті спорт қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Раушанов Асан Сайынұлы, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР Пара дзюдо күресінің бас жаттықтырушысы, Дзюдодан халықаралық дәрежедегі (ИНТЕРНЕЙШНЛ) төреші Қиянов Жандос Қарақожаұлы, ҚР-ның Пара дзюдодан Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Ешибаев Наран Құттығайұлы, ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Токио-2020 Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Байбатина Зарина,Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері Аманжол Жанбота, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері Утепов Ерлан, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Пара Азия ойындарының қола жүлдегері Ғалымжан Смағұлұлы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Альфия Тілекқабыл, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері Райфова Зарина,сондай-ақ Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің ұстаздары мен студенттері, «Мағауия» спорт клубының вице-президенті, жаттықтырушы Эрман Мағауияұлы, осы клубтың дзюдошылары, музей қызметкерлері, БАҚ-ның өкілдері қатынасты.

Іс-шара барысында Тілекқабыл Альфия Әділқызына Пара дзюдодан «Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын Жандос Қарақожаұлы табыстады.

Кездесу кешінде 2022 жылы музей қорына тапсырылған Токио-2020 паралимпиадасының күміс жүлдегерлері Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет, Зарина Байбатиналардың кимонолары мен жеңістің тарихи сәттеріндегі фотосуреттер мен марапаттары қойылған көрме көрермен назарына ұсынылды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru