Атырау өңірінің ортағасырлық тарихына арналған «Ақтөбе-Лаэти мен Атырау қалаларының тарихы: жаңаша көзқарас» тақырыбындағы халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы өткізілді

Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі Атырау өңірінің ортағасырлық тарихына арналған «Ақтөбе-Лаэти мен Атырау қалаларының тарихы: жаңаша көзқарас» тақырыбындағы халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми–әмбебап кітапханасында өткізілді.

Конференцияның мақсаты: Жошы Ұлысы кезеңінде Каспий теңізінің солтүстік-шығысында пайда болған елді-мекендер туралы соңғы кезеңде жүргізілген зерттеулер қорытындысын ғылыми айналымға енгізу. Ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығының қазіргі Атырау қаласымен тарихи байланысын анықтау мақсатында жаңаша көзқарас қалыптастыру.

Конференцияның жұмысы келесі бағыттарды қамтиды:

- Каспийдің солтүстік-шығысындағы ортағасырлық ескерткіштердің зерттелу тарихы мен тарихнамасы;

- Каспийдің солтүстік-шығысындағы Жошы Ұлысы кезеңіндегі ескерткіштер археологиялық зерттеу материалдары бойынша;

- Ақтөбе-Лаэти: Жайықтың Каспийге құяр сағасындағы ірі ортағасырлық елді-мекен;

- Атырау қаласының тарихы және оның ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығымен тарихи сабақтастығы.

Конференция Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ә.Жоламановтың алғы сөзімен ашылып, келген қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор «Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ҒЗИ директоры С.Сапанов модераторлық еткен конференцияның пленарлық мәжілісінде Тарих ғылымдарының докторы, Татарстан Республикасы ҒА Ш.Марджани атындағы Тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері И.Измайлов- «Процессы урбанизация в Улусе Джучи (Золотой Орде): проблемы и новое видение», тарих ғылымдарының кандидаты, Татарстан Республикасы ҒА А.Х.Халиков атындағы Археология институтының Ортағасырлық археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері И.Волков-«Отображение северного побережья Каспия на средневековых картах и сомнительность названия Лаэти для городища Актобе», тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР ҒЖБМ Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері Е.Ужкенов , тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР ҒЖБМ ҒКШ.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Г.Шотанова- «Золотоордынское городище Актобе в зеркале европейской картографической традиции XIV-XVII вв.», тарих ғылымдарының кандидаты, Татарстан Республикасы ҒА Ш.Марджани атындағы Тарих институтының, М.А.Усманов атындағы Алтын Орда және татар хандықтарын зерттеу орталығының басшысы И.Миргалеев-«Династийный кризис в Золотой Орде в период смуты 60 -70 годов ХІVвека и Урус -хан», тарих ғылымдарының кандидаты, А.М.Горкий атындағы Әдебиет институтының доценті А.Пачкалов- «О некоторых особенностях монетного обращения в Северном Прикаспии в золотоордынское время», тарих ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің археология, антропология институтының Бас ғылыми қызметкері М.Елеуов- «Алтын ордалық Ақтөбе Лаэти қаласының зерттелуі» , тарих ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Б.Жұмағұлов- «Атырау өңірінің тарихы соңғы зерттеу еңбектерінде», тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Г.Шотанова-«Изучение золотоордынского городища Актобе: состояние и перспективы» тақырыптарында баяндамалары тындалды.

Сонымен қатар баяндамашылар қатарында тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒЖБМ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ҒЗИ директоры С.Сапанов, тарих ғылымдарының кандидаты, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері М.Қасенов, гуманитарлық ғылымдар магистрі, ҚР ҒЖБМ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ҒЗИ ғылыми қызметкері А.Абдулов- «Атырау өңірін зерттеудің методологиялық негіздерінің өзекті мәселелері», «Сарайшық» мемлекеттік тарихи – мәдени музей қорығының Бас инспекторы А.Тұрарұлы -«Ақтөбе қаласының атауы және қазбада ашылған бір нысан туралы», Гуманитарлық ғылымдар магистрі,ҚР ҒЖБМ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ҒЗИ ғылыми қызметкері С.Моллақанағатұлы-«Махмут Кашкари еңбегіндегі Казақстанға байланысты этнографиялық деректер:(Каспий өңірі мен Тараз қаласы)», гуманитарлық ғылымдар магистрі, Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейінің директоры М.Кипиев-«Атырау тарихы: 1595 жылы тұрғызылған «бекініс қала» жөнінде» тақырыптарында баяндамалары болды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru