2020 жылдың 3-4 маусым күндері музей басшысы Р.Харипова, Тарих ғылымдарының кандидаты, археолог М.Қасенов және археология ғылыми зерттеу секторының маманы Б.Жұмабай Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты сарматтар дәуіріне жататын Миялы қорғандарына жүргізілетін қазбаға орай барлау жұмыстарын жүргізді.

Тарихи тақырыпты өнер тұлғалаларының өмірімен ұштастыра білген ақиық ақын Хамит Ерғалиев туралы "Өзегі - жыр Хамит ақын" тақырыбындағы видео-дәріс

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Назарларыңызға Исатай аудандық музейінің "Зұлмат жылдар құрбаны Насихат Сүгірұлы" тақырыбында Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, жыр сүлейі Насихат Сүгірұлының жиені Меңдіғазиев Салауат Сахибиденұлымен жүргізген сұхбат

М.Өтемісұлы атындағы әдеби-мемориалдық музейінің меңгерушісі Аймекен Мақсотқызының "Шашақты найза, шалқар күйдің иесі" тақырыбындағы видео дәрісін ұсынамыз. Дәріс найза ұшы мен қалам құдыретін шебер ұштастырған ақиық ақын, ақберен батыр, күйші — сазгер Махамбет Өтемісұлының күйшілігіне арналған видео-дәрісі.

Ұлттық кодқа негіз болатын жауһар жәдігерлерімізді насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетнау музейі бастаған «Жәдігер сыры» челленджін Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі ыстық ықыласпен қабыл алып, оны ары қарай жалғастыруды Батыс Қазақстан облысының Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейіне Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Калмыкия Республикасының Н.Н. Пальмов атындағы Ұлттық музейіне Национальный музей Республики Калмыкия им. Н.Н. Пальмова жолдады.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Палеонтология» музейі бөлімшесінің маманы Эльбина Қабесқызының адамзат тарихына дейін жер бетінде тіршілік еткен ең алып жануарларға арналған видео-дәрісі 

18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Рашида Хариповамен Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатахана тәрбиешісі Ізбасханова Дәмелі Қалиқызының ұйымдастыруымен оқушыларға онлайн форматта кездесу ұйымдастырылды. Рашида Ерімқызы өлке шежіресінің ордасы туралы таныстыра отырып «Зергердің өзі көненің көзі» музейдің қорындағы зергерлік бұйымдардына шолу жасады. Дәріс барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауаптар алды.

 

18 –мамыр Халықаралық музейлер күніне орай "Алтын оймақ" қолөнер үйірмесінің мүшесі ағаш жасау шебері Талғат Жұмалиевпен «Ұлттық нақыштағы көркемдеп өңделген ағаш табақтың жаслу тәсілі» шеберлік сағат

ҚР еңбек сіңірген артисі, әнші Мекес Төрешовтың туғанына 80 жыл толуына орай "Ғұмыр Дастан" онлайн сағаты өтеді. Жары Жақсыгүл Рахманқызы және "Құрмет орденінің иегері" Қайрат Какимовпен онлайн кездесу.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, сонау сұрапыл соғыс жылдарында жазылған жауынгерлердің жүрек дүрсілі мен сарғайған сағынышын арқалап келіп, ел-жұртымен қауыштыратын қасиетті хабаршысы болған үшбу хаттар туралы видео-дәріс 

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай тарихта өшпестей аты қалған, жау дзотын кеудесімен жауып ерлікпен қаза тапқан, Кеңес Одағының батыры Боран Нысанбаев туралы  видео-дәріс

Қазақстан Республикасының әскери күштеріне 28 жыл толуына орай ертең сағат 11.00-де жалпы және қазіргі кезең тарихы ғылыми-зерттеу секторының маманы Айеркем Жамбылқызының "Қарулы күштер - ел қорғаны" тақырыбындағы онлайн дәрісі

 "1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне" және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына 25 жыл толуына орай музей басшысы Харипова Рашида Ерімқызының этно бірлестік өкілдерімен тікелей байланысы 

 Археологиялық ғылыми-зерттеу секторы бөлімінің маманы Жұмабай Баубек Сұлтанбекұлының музей қорындағы Ортағасырлық тиындарға арналған видео-дәрісі

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru