Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты М.Өтемісұлы әдеби-мемориалдық музейінің меңгерушісі Осихина Аймекен Махсотқызының ақиық ақын, ақберен батыр Махамбет Өтемісұлының зиратының табылуы мен қайта жерлену тарихына орай дайындаған видео дәрісі

Қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым, этнограф, күйші Мақаш (Мұхамбетжан) Шолтырұлы Бекмұхамбетовтың туғанына 190 жыл толуына орай дайындалған видео-дәріс.

онл12020 жылы 19 тамыз күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешовтың төрағалығымен онлайн форматта «Цифрлық дәуірдегі Қазақстан музейлері: жаңа талаптар мен мүмкіндіктер» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Музей ісі жөніндегі Көркемдік кеңес отырысы өтті.

Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Жайық бойының айтулы дүлдүлі, дарынды ұстаз Хамидолла Нәубетовтың туғанына 135 жыл толуына орай "Өмірі өнеге, ісі ұлағат" тақырыбындағы видео-дәріс

Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа насихаттау мақсатында биыл Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық музейімен келісім жасалып, музей қорына ақынның жеке тұтынған үш шекті тұмар домбырасы мен тоғызқұмалақ тақташасының көшірмесі жасалды.

10 - тамыз Абай күні.

 Ұлы ақын, ойшыл, қазақтың жаңа жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер  Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 175 толуына орай тақырыптық экскурсия

м19Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Республика көлеміндегі археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге арналған 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Қызылқоға ауданы, Миялы (Жангелді) қорғандар тобының 3 қорғанына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.

 15-шілде қолына қалам алса болды, қадау-қадау өлеңдері ағылып келетін, қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың туған күні.
Ән әлеміне өзгеше жаңалық әкелген өнер иесінің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында дайындаған бейнеролик

 "Ұлттық домбыра" күніне орай домбыраның сыршыл пернесінен сезім кілтін ағытқан облысымызға танымал домбыра жасаушы шебер, "Нұрриза" шеберханасының меңгерушісі Нұрлыбек Тұрланұлымен өтетін онлайн шеберлік сағат

2020 жылдың 25 маусым күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты қарасты Палеонтология бөлімшесінің маманы Э.Мұхамбетқалиева Қ.Дүтбаев атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің "Бастауыш білімінің шетел тілі мұғалімі", "Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі" мамандықтарының студенттеріне ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн экскурсия жүргізді.

Осыдан 75 жыл бұрын 1945 жылы 24 маусымда Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен Кеңес жауынгерлерінің қатысуымен "Ұлы Жеңістің алғашқы шеруі" өткен болатын.
Атаулы күнге орай Боран Нысанбаев атындағы "Әскери Даңқ" музейінің меңгерушісі Нұрлыгүл Кеңесбайқызы дайындаған видео дәрісі .

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2020 жылы  17 маусым күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен бірлесен түрде арналған «Алтын Орда кезеңі: уақыт пен кеңістік аясында» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты, Республикалық Аманат сыйлығының иегері, Индер ауданының құрметті азаматы Жылқышиев Қойшығұл Өмірұлымен онлайн сұхбат

Атырау облысы тарихи өлкетану музейі 16 мамыр - 17 маусым аралығында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Құрмет орденінің иегері Мекес Төрешовтің туғанына 80 жыл толуына орай, Республика көлемінде дәстүрлі ән орындаушылардың арасында челленджін ұйымдастырды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru