Палеонтология музейінің негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, үздік өлкетанушы Ю.А. Пастуховтың мемориалдық тақтасын орнату шарасын ұйымдастырды

Атырау облыстық тарихи- өлкетану музейіне қарасты Палеонтология бөлімшесі және Былина этно-мәдени бірлестігі 17 қараша күні Палеонтология музейінің негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, үздік өлкетанушы Ю.А. Пастуховтың мемориалдық тақтасын орнату шарасын ұйымдастырды.

Ю.А.Пастуховтың мемориалдық тақтасы өзі еңбек еткен Атырау қаласы М. Әуезов көшесі, 1 үй ғимаратында орналасқан Атырау облысы тарихи- өлкетану музейіне қарасты палеонтология бөлімшесінің қабырғасына орнатылды.

Бүкіл Атырау облысына есімі танымал тұлға Юрий Александрович Пастухов өлкемізден шыққан алғашқы палеонтолог.

Ол палеонтологиялық зерттеу жұмыстарын 1986 жылдан бастап, 30 жылға жуық уақыт бойы өлкеміздің Ақкерегешың және Ақтолағай борлы қыраттарына экспедициялар ұйымдастырды. Экспедиция барысында жинақталған коллекциялар Қазақстандағы мезозой кезеңін қамтитын жалғыз палеонтологиялық музейдің ашылуына негіз болды.

Алғы сөз Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ә.Қыстаубаева берілді.

Шараға баспасөз саласының қызметкерлері , ел бірлігін көтеріп жүрген азаматтар, қала жұртшылығының өкілдері, ҚР мәдениет қайраткері , ҚР Журналистер одағының мүшесі Л.Монастырская, Атырау облысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.Мұхамбетов, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тарих ғылымының докторы, профессор Ахмет Аққали Қабижанұлы және Ю. А. Пастуховтың шәкірттері, достары, ұрпақтары,және Ю. А. Пастуховтың жары Ольга Леонидовна қатысып, Ю.Пастуховтың өнегелі өмір жолы, ерен еңбегі, жинаған мұрасы, палеонтологиялық экспедициясы жөнінде естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар шараға Қ.Дүтбаев атындағы гуманитарлық колледжінің студенттері мен ұстаздары қатынасты. Шара соңында экспозициялық залдарға экскурсия жүргізілді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru