сейітов 22019 жылдың 15 қазан күні Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының және салалық Минералдық ресурстар академиясының академигі Нәсіпқали Сейітовтың 75 жас мерейтойына арналған "Аптап аңқыған ақын" тақырыбындағы шығармашылық кешінде Атырау облысы тарихи өлкетану музейі «Ғалым, ұстаз, ақын» тақырыбында көрме ұйымдастырды.

индер1Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінде 2019 жылдың 16 қазан күні  ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында рухани құндылығымызды насихаттауға  бағытталған Индер ауданының  күндері өткізіледі.

ерик 1Ағымдағы жылдың 5 қазан күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Қазақстанның халық әртісі, өте сирек кездесетін контртенор сарынды опера әншісі Ерік Құрманғалиевтің 60 жылдығы аясында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінен жылжымалы көрме ұйымдастырылды. 

 

исатай4Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінде 2019 жылдың 3 қазан күні  ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында рухани құндылығымызды насихаттай отырып, «Ұлы дала тарихы» тақырыбында Исатай ауданының күндері өткізіледі.

табиг225 қазан күні Атырау облысы тарихи – өлкетану музейіне келген М.Бекмұхамедов атындағы орта мектептің 150 оқушысына танымдық экскурсия жүргізілді. Музей экскурсоводтары алдымен оқушыларды топ – топқа бөліп,  музейдің экспозициялық залдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  тұқф1Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2019 жылдың 18 қазан  күні сағ: 11.30-да Құрметті геолог, геология минерология ғылымдарының кандидаты Қасым Тұхфатұлын еске алу кеші болып өтті. Сонымен қатар, шараға қатынасушы қонақтардың назарына ғалымның өмірдерегінен «Даланың асыл перзенті» атты экспозициялық көрмесі жасақталып ұсынылды.

imgonline com ua Resize vYHN07juHRTIbU3Нарын құмының Атырау облысына қарасты аумағының тарихи-мәдени  маңызы бар нысандарына жүргізілген далалық зерттеу жұмыстары 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларында «АтырауЭтноАрхеология» ЖШС-нің директоры Е.Алашбаевтың басшылығымен, т.ғ.к. археолог М.Касеновтың жетекшілігімен, сонымен қатар Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары А.Каримов, Б.Жұмабаев, Қ.Серікбаев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің тарихшысы А.Зайнов және Атырау облысы тарихи-мәдени мұраларды зерттеу орталығының маманы Ф.Байдәулетовтың қатынасуымен атқарылды.

бакт8Көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кешінде Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі  «Жайықтың – Ақ Шағаласы» тақырыбында  көрме ұйымдастырды.

ә62019  жылдың  20 қыркүйегінде  21.30 - 22.30 сағат аралығында  музей алаңындағы киіз үйде «Музейлер шеруі» акциясы және «Ұлы дала тарихы» аясында Құрманғазы ауданы күндеріне орай көп балалы әжелермен  «Әлемді тербеген әжелер» кездесу кеші болып өтті.

кез5Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2019 жылдың 20 қазан  күні сағ: 21.30-22.00 аралығында  Құрманғазы ауданының күндеріне орай ұйымдастырылған Музей түнінде Құрманғазы ауданының Құрметті азаматтары Зұлбұхар Мақсотұлымен және Рысқали Ғабдығапарұлымен кездесу өткізілді.

ауд к2Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысы М.М.Тәжиннің төрағалығымен өткен кеңестегі «Рухани жаңғыру» қоғамдық жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша берген тапсырмасына орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «Музейлер шеруі» акциясы аясында 20 қыркүйек күні «Ұлы дала тарихы» тақырыбындағы Музей түнінде Құрманғазы ауданының  күндері өткізілді.

кк5Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылдың 18 қыркүйегінде 3-тоқсан бойынша қор сатып-алу (қор іріктеу) комиссиясының отырысы өткізілді.

Қор сатып-алу (қор іріктеу) комиссиясының шешімімен Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қорына 209 сақтам бірлік, Индер аудандық бөлімшесіне 5 сақтам бірлік, Исатай аудандық бөлімшесіне  1 сақтам бірлік, М.Өтемісұлы әдеби-мемориалдық ауылдық бөлімшесіне 20  сақтам бірлік қабылданды.  

ТК62019 жылы 13 қыркүйек күні сағ: 11.00 де Атырау облысы тарихи –өлкетану музейінде Елбасының Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу, барысында  музей қорында жинақталған қазақ халқының қолөнер үлгісі түкті кілемдер коллекциясымен таныстыру, халықтық қолөнерді құрметтеуге, қастерлеуге, үйрету және насихаттау мақсатында қорда жинақталған кілемдер қоллекциясынан «Түкті кілемдер сыры» атты  уақытша  көрме  ұйымдастырылды.

Ф62019 жылы 11-14 қыркүйек аралығында поэзия падишасы атанған қазақтың танымал ақыны, Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай "Патша-сөздің Фаризасы" атты апталық аясында Атырау облысы тарихи-өлкетау музейі көпшілік назарына музей қорында жинақталған ақынның фотосуреттерінен, орден-медалдары мен марапаттауларынан, жеке тұтынған заттарынан және кітаптарынан жасақталған «Поэзия падишасы» көрмесін ұсынды. 

КМ20Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  «Қазақстанның Киелі  жерлер географиясы»  жобасына байланысты  «Жас қоғам» ЖБДҚ ЖҚ тапсырысына сәйкес Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Атырау облысының ішкі туризмі бойынша Махамбет-Индер, Мақат-Жылыой және Атырау қаласы аумағында орналасқан 35 тарихи орындар мен ескерткіштерге экскурсия жүргізілген болатын.

7НМ8 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысы М.М.Тәжиннің төрағалығымен өткен кеңестегі «Рухани жаңғыру» қоғамдық жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша берген тапсырмасына орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «Музейлер шеруі» акциясы 30 тамыз Конституция күніне орай «Тәуелсіздігімізді айшықтаған Ата заң» тақырыбында өткізілді.

КЕНЕС12019 жылдың 14 тамыз күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі жанындағы ғылыми-кеңес мәжілісі өтті. 
Кеңес мәжілісінің күн тәртібінде «ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, өлкетанушы М.Жолжановтың музей қорында жинақталған қолжазбаларын баспаға жіберу, жинақ шығару», «Музей қорындағы «Урало-Каспийский край» кітабын баспаға жіберу», «Миялы қорғанынан табылған жәдігерлерді консервациялау мен реконструкциялау», «Музейдің алдағы жоспарында жоспарланған уақытша көрмелер мен коллекциялық көрмелерін ұйымдастыру үшін «Өлке табиғаты» экспозициялық залын уақытша көрме залы етіп жасақтау» жөніндегі мәселелер талқыланды. 

ретро корме1Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына және Халықаралық жастар күніне орай 13 тамыз 2019 жылы      сағ 17.00-20.00 аралығында Мəдениет жəне демалыс саябағында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қорынан  «Ұлттық құндылықтар ұлы мұра» тақырыбында көрмесі ұйымдастырылды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru