Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі

Атырау облысындағы «Ортағасырлық Сарайшық» тарихи-мәдени және туристік орталығының ресми логотипін дайындауға байқау жариялайды!

Байқау шарттары:

- Ең жақсы логотипті анықтау және тарихи-мәдени ескерткіштерді сипаттау арқылы ортағасырлық Сарайшық қалашығының тарихын көпшіліктің назарына ұсыну;

- Эмблема ғылыми негізде археологиялық, сәулет, архивтік-библиографиялық және басқа да материалдарға негізделуі тиіс;

- Эскизде ортағасырлық Сарайшық қаласының бейнеленуі шынайы және тарихи тұрғыда көрсетілуі ескерілуі керек;

- Логотипті жасаған кезде «Ортағасырлық Сарайшық» жазбасы міндетті түрде болуы керек;

- Жиналған деректерді компьютерге енгізу, сызбаларды, жоспарларды, суреттерді және мәтіндік ақпараттарды жинау.

 

Байқау 24-қараша мен 20-желтоқсан аралығында өтеді.

Толық ақпарат: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

8 (7122) 32 81 36

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында 2017 жылдың «Жыл кітабы» атанған С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына арналған мектеп оқушылары арасында 2017 жылғы 30 қараша күні интеллектуалдық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегілікке тәрбиелеу, сондай-ақ жастарды кітап оқуға тәрбиелеу, оқырмандарға жазушы өмірінен мәліметтер беру, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің құндылығын таныту, ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыту, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «XXI ғасыр көшбасшысы»  атты мектеп оқушылары арасында ІІ интеллектуалдық сайыс өткізілді.

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде № 21 Ж.Жабаев атындағы орта мектептің оқушыларына  14 қараша 2017 жылы  сағ: 12.00-де Әскери-теңіз флотының І- ші дәрежелі капитаны Қуанғали Ихаровқа арналған «Теңіз тарланы»  атты тарихи-тағылымдық сабақ ұйымдастырылды.

2017 жылғы 8-қарашада Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі мен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау Мемлекеттік университеті ұйымдастыруымен «Ибн Баттутаның Ұлы Жібек жолымен саяхаты: мәдениеттер арасындағы диалогты алға бастыру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Конференцияның мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласына орай, киелі орындарды насихаттау, ғалымдардың зерттеулерін болашақ ұрпақ жадында жаңғырту, Каспий өңірі тарихи-мәдени мұраларын терең зерттеулерді қолға алу болды.

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде 2017 жылы 3 қазанда сағ: 11. 00 – де «Еңбегімен еленген ардақты ұстаздар» атты ұстаздар күніне орай  ардагер ұстаздар кездесу кеші ұйымдастырылды.

Кездесу кеші өзгенің уақытын аялай, өз уақытын аямай шәкірт тәрбиелеу ісінде талмай еңбек еткен ұстаздарымыздың қажырлы еңбектерін, жемісті жетістіктерін жас буын өкілдеріне насихаттау  мақсатында өткізілді.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 27 қыркүйек 2017 жылы  сағ.11.00–де «Жер қойнауының ғажайып сырларын ашқан геолог» атты  кездесу кеші  ұйымдастырылды.

Қазақстан мұнай- газ өнеркәсібін өркендетуге орасан үлес қосқан, белгілі геолог, Қазақстан Республикасы жер қойнауының Құрметті барлаушысы, Қазақстан Республикасының кен орындарын алғаш ашушы, Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, КСРО-ның Құрметті мұнайшысы Мақаш Рахметовтың ғибратты, өнегелі өмір жолын, ерлікке пара –пар еңбегін жас буын өкілдеріне насихаттаудашараның зор маңызы болды.

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінде 2017 жылы 20 қыркүйек сағат 11:00-де Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, «Социалистік Еңбек Ері», «Ленин» ордендерінің иегері Нұрмұханов Мүсілімнің  90 жылдығына орай ұйымдастырылатын «Өрісті өлкенің өр тұлғасы» атты ұрпақтарымен кездесу кеші өткізілді.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 11-12 қыркүйек  күндері сағ:10.00-18.00 аралығында «Алтын сапа – 2015»  Президент сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Алтын Орда»  авторлық дизайн үйінің директоры Ырза Тұрсынзаданың   «Рухани жаңғыру – заман  талабы» атты Қазақстандағы ең ауқымды ақысыз шеберлік сабақтары болып өтті.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 7 ші қыркүйек 2017 жылы сағ.:11-00–де  қазақтың көрнекті ақындары, М.Отаралиев пен М.Сатыбалдиевтың дүниеге келгеніне 80 жыл толуына орай "Ерте сөнген қос жалын" атты еске алу кеші мен әдеби тағылымдық сабақ өткізілді. Тағылымдық сабаққа Атырау қаласы, Ақжайық ауылында орналасқан М.Отаралиев атындағы мектептің оқушылары қатынасты.

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінде 27 шілде 2017 жылы сағ:10.00-12.00-де Мәдениет және өнер қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында  «Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру шеңберінде құрылған насихаттық топтың мүшелері, жазушы  Жұмабай  Шаштайұлы  мен ақын  Рафаэль  Ниязбековпен   кездесу кеші өткізілді.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі  жоспар бойынша 2017 жылдың 17 шілдесінен Атырау қаласынан 6 шақырым, қалаға қатысты Томарлы селосынан 2 шақырым және «Жұлдыз-3» мөлтек ауданына бірнеше жүз метр қашықтықта орналасқан ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығының орнына  археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің жылдық жоспарына сәйкес, 2017 жылғы 21 маусым - 10 шілде аралығында, Археология ғылыми - зерттеу бөлімінің мамандары Қызылқоға ауданының территориясындағы Миялы қорғандар тобына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейі КСРО және Қазақстанның халық әртісі, дирижері ҚР Мемлекеттік сыйлығының  лауреаты, профессор, Шамғон Қажығалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай 2017 жылғы 20 маусым сағ: 15.00-де Атырау қаласының оқушылары орталығына «Қазақтың ұлы және дарабоз дирижері» атты тарихи-тағылымдық сабақ ұйымдастырды.

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінде  15 маусым күні Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: - «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің  нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұластыру мақсатында Астана және Өскемен қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру Ұйымының оқушыларынан құралған «Туған елге тағзым» іс-әрекетті зерттеу бағытындағы өлкетанулық экспедициясы мүшелерімен музей мамандары, жергілікті өлкетанушы, тарихшылар арасында кездесу кеші өтті.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай жеке тұлғаларды   ұлығылау, тарихи орындарды  анықтау  мақсатында 2017 жылғы 22-23 мамырда Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арнап «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» тақырыбында Алаш партиясының белсенді қайраткері Х.Досмұхамедовтың туған жері Қызылқоға ауданындағы Халел ставкасына,  ұстазы Ы.Шөрековтың жерленген жері - Сорқуыс маңына  және т.б. тарихи орындарға жергілікті өлкетанушылар мен алаштанушы, тарихшы - ғалымдар, музей мамандары және БАҚ өкілдерінен құралған тарихи экспедиция ұйымдастырды.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 21 мамыр күні     Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72-ші жылдық мерекесіне орай, сағ.11.00 және 15.00-де «Барлық отбасымен музейге» бағдарламасы аясында «Письма, опаленные войной – военные треугольники» тақырыбындағы ерлік сабағы өткізілді. Экскурсия ересектер мен балаларға 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында жеңіске жеткен жерлестеріміздің үлесі жайлы, жас ұрпақтың санасына жеңістің маңызын түсіндіру арқылы Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру, майдандағы сарбаздар мен офицерлердің үшбұрышты хаттарымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Атырау облысы тарихи – өлкетану  музейінде 2017 жылы 16 мамыр күні «Туған жер – тұғырым» тақырыбы аясында «Қазақ даласының тарихы» атты мәдениет қызметкерлері және Атырау қаласының жалпы білім беретін жоғары сынып оқушылары арасында қазақ және орыс тілдерінде «Музейлік квест» интеллектуалды байқауының ақтық кезеңі өткізілді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru