рәміздер күні

4 маусымда Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 4 маусым –мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің елімнің нышандары» атты мерекелік шара өтті.
Шараның мақсаты: Азаматтыққа және отансүйгіштікке, ұлттық мақтанышымызды құрметпен қарап, қастерлей білуге жалпы рәміздер туралы мағлұматтар беріп, танымдық қабілеттерін дамыту бағытында патриоттық шара өткізу болатын. 
Мәдени және рухани тәрбиелеу мақсатында бірлесіп өткізу үшін шараға Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы-С.Г.Камешева қатынасып, мемлекеттік рәміздердегі өзгертулер мен олардың пайдалану тәртібі туралы баяндап, слайд көрсетті.
Мерекелік шара Мемлекеттік гимнмен басталып, Егемендігіміздің берік негізі-Мемлекеттік рәміздер туралы айтылып, мекеме басшыларының құттықтау сөздерімен аяқталды. 
Аталмыш шара екі кезеңге бөлінді. Түске дейін Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлеріне және түстен кейін Атырау облысының «Мамандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ұйымдастырылды.

Домбыра-дастан

2018 жылы 31 қаңтарда Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала

сы жаңа тарихи кезеңдегі рухани жаңғыру жолында ғасырлар бойы әр қазақтың төрінен орын алған қастерлі домбыраның мәртебесін жаңғырту, жастардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығы мен құрметін арттыра түсу мақсатында музей қорында жинақталған домбыралар коллекциясынан дайындалған «Домбыра-дастан» кітабының таныстырылым шарасы және көрмесі өтті.
Шараға Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор И.Жақанов, Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одақтарының мүшесі, өлкетанушы Ө.Әлімгерейұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Ризуанов, мәдениет саласының ардагерлері А.Кенжегалиев, А.Андарбаева, Қазақстанның Құрметті Журналисті Т.Жаңабайұлы, 500 адамдық оркестр құрамында домбыра тартқан ҚР Білім беру ісінің үздігі, аға мұғалім, республикалық байқаулардың лауреаты, сазгер Нұрпейіс Молдақұлов, Өнерпаз Аманғали Ахметов, Сағидаш Мырзағалиева және т.б ардагерлер, кітапқа енген домбыра иелерінің отбасынан ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Н.Үлкенбайұлының жұбайы Шолпан апай, ҚР еңбек сіңірген артисі М.Төрешовтың жұбайы Жақсыгүл апай, ҚР еңбек сіңірген артисі Р.Ғабдиевтің ұлдары, музейге 1975 жылы күміс пен сүйекпен өрнектелген домбыраны тапсырған Т.Лекеровтың қызы және т.б. ұрпақтары, мәдениет мекемелерінің басшылары, өнер иелері, «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің студенттері қатынасты. 
Шара барысында «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің студенттері Қазақстанның халық артисі, күйші-сазгер Қаршыға Ахмедияровтың, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Хамит Ерғалиевтің, Қазақстанның халық артисі, дәулескер күйші - Рысбай Ғабдиевтің, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі - Мекес Төрешевтің, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-сазгер Шәміл Әбілтаевтің, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, сазгер, күйші, әнші, сахна шебері - Нариман Үлкенбайұлының, күйші, сазгер Ғатау Ибішевтің домбыраларында төгілте күй ойнады. 
Кітаптың тұсау кесу рәсімі Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор И.Жақанов пен ҚР Білім беру с

аласының үздігі, ардагер ұстаз Р.Латифуллинаға ұсынылды.

 

«Жүректің күшін білекке салған жерлестер»

В историко-краеведческом музее Атырауской области 7 августа 2014 года была торжественное открытие выставки «Жүректің күшін білекке салған жерлестер» посвященное к дню спорта.

Информация о выставки «Парасат, ізгіліктен бастау алған, Жақсы істен әрдайым да тартынбаған»

Информация о выставки «Парасат, ізгіліктен бастау алған, Жақсы істен әрдайым да тартынбаған», посвященной 60-летию со дня рождения и 10-летию со дня смерти выходцу из Атырау, депутату Сената Парламента РК Ермеккали Аккалиулы Бигалиеву и презентации книги «Жақсы адамдар, сендер аман болындар...»

Ішкі категориялар

Құрметті желідегі достар!

2018 жылдың 1 шілдесі еліміздің айтулы даталарының біріне енді. Оған себеп Елбасы Н.Назарбаевтың шешімімен «қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және қайта жаңғырту идеясының төңірегінде топтастыру аясында шілденің бірінші жексенбісін - Ұлттық домбыра күні» болып белгіленуінде. Айтулы күні еліміздің түкпір-түкпірінде қоңыр домбыраның асқақ үнін аспанға шырқатпақ. Осы орайда қазақ елінің дүлдүл домбырашыларының домбырасын жинақтаған Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «Ашық есік» күні өтпек. Қара шанақтың сыршыл пернесіне тіл бітірген домбырашылар мен домбыра жасаушы шеберлердің домбыраларын тегін тамашалаңыз келсе, келіңіздер, көріңіздер! 
Өтетін уақыты: 1 шілде 2018 жыл, сағ 10.00 – 17.00 аралығы 
Мекен жайымыз: Б. Момышұлы көшесі-3
Байланыс тел: 8(7122) 32-81-36

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru