рәміздер күні

4 маусымда Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 4 маусым –мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің елімнің нышандары» атты мерекелік шара өтті.
Шараның мақсаты: Азаматтыққа және отансүйгіштікке, ұлттық мақтанышымызды құрметпен қарап, қастерлей білуге жалпы рәміздер туралы мағлұматтар беріп, танымдық қабілеттерін дамыту бағытында патриоттық шара өткізу болатын. 
Мәдени және рухани тәрбиелеу мақсатында бірлесіп өткізу үшін шараға Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы-С.Г.Камешева қатынасып, мемлекеттік рәміздердегі өзгертулер мен олардың пайдалану тәртібі туралы баяндап, слайд көрсетті.
Мерекелік шара Мемлекеттік гимнмен басталып, Егемендігіміздің берік негізі-Мемлекеттік рәміздер туралы айтылып, мекеме басшыларының құттықтау сөздерімен аяқталды. 
Аталмыш шара екі кезеңге бөлінді. Түске дейін Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлеріне және түстен кейін Атырау облысының «Мамандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ұйымдастырылды.

Информация о выставки «Парасат, ізгіліктен бастау алған, Жақсы істен әрдайым да тартынбаған»

Информация о выставки «Парасат, ізгіліктен бастау алған, Жақсы істен әрдайым да тартынбаған», посвященной 60-летию со дня рождения и 10-летию со дня смерти выходцу из Атырау, депутату Сената Парламента РК Ермеккали Аккалиулы Бигалиеву и презентации книги «Жақсы адамдар, сендер аман болындар...»

«Жүректің күшін білекке салған жерлестер»

В историко-краеведческом музее Атырауской области 7 августа 2014 года была торжественное открытие выставки «Жүректің күшін білекке салған жерлестер» посвященное к дню спорта.

Подкатегории

Құрметті желідегі достар!

2018 жылдың 1 шілдесі еліміздің айтулы даталарының біріне енді. Оған себеп Елбасы Н.Назарбаевтың шешімімен «қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және қайта жаңғырту идеясының төңірегінде топтастыру аясында шілденің бірінші жексенбісін - Ұлттық домбыра күні» болып белгіленуінде. Айтулы күні еліміздің түкпір-түкпірінде қоңыр домбыраның асқақ үнін аспанға шырқатпақ. Осы орайда қазақ елінің дүлдүл домбырашыларының домбырасын жинақтаған Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «Ашық есік» күні өтпек. Қара шанақтың сыршыл пернесіне тіл бітірген домбырашылар мен домбыра жасаушы шеберлердің домбыраларын тегін тамашалаңыз келсе, келіңіздер, көріңіздер! 
Өтетін уақыты: 1 шілде 2018 жыл, сағ 10.00 – 17.00 аралығы 
Мекен жайымыз: Б. Момышұлы көшесі-3
Байланыс тел: 8(7122) 32-81-36

КГКП «Атырауский областной историко-краеведческий музей»


г. Атырау, улица Б. Момышулы, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru