1 сәуірде Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда «Хан ордалы - Сарайшық» мұражай-қорығының басшысы, Қазақстан Республикасының Туризмді дамыту саласының құрметті қызметкері, ҚР Мәдениет қайраткері М.Бердімұратовтың 80 жасқа толуына орай еңбек және өмір

1 сәуірде Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда «Хан ордалы - Сарайшық» мұражай-қорығының басшысы, Қазақстан Республикасының Туризмді дамыту саласының құрметті қызметкері, ҚР Мәдениет қайраткері М.Бердімұратовтың 80 жасқа толуына орай еңбек және өмір жолдарын кейінгі жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Сарайшық деп соққан сыршыл жүрек» тақырыбында көрме мен мәдени шара ұйымдастырылды.

Шара барысында М.Бердімұратовтың студенттік досы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ақын Ш.Тәжімғалиев, әріптесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Маңқыстау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Т.Жұмалиева, шәкірті, «Атырау» газетінің тілшісі Т.Наурызәлі мазмұнды естелік әңгімелерін айттты. Көрмеге М.Бердімұратовтың жеке өмірінен сыр шертетін фотосуреттері мен мақтау қағаздары барлығы 30 жәдігер қойылып,140 көрермен қатынасты.

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда өткізілген «Сарайшық деп соққан сыршыл жүрек атты мәдени шара

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru