Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің «Ұлы дала жауһары» уақытша көшпелі экспозициясының таныстырылымы өтті.
Аудандық музейде жайғастырылған көрменің салтанатты ашылуына Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері мен еңбек ардагерлері, әр саладағы мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатынасты.