«The archeological monuments of Atyrau region» тақырыбындағы ағылшын тілінде танымдық сабақ

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Атырау облысынан табылған археологиялық ескерткіштерді таныстыру мақсатында «The archeological monuments of Atyrau region» тақырыбындағы ағылшын тілінде танымдық сабақ өткізілді. Сабаққа Атырау қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9 «Е» сынып оқушылары және кураторы Жансая Баязитова қатысты. Сабақ барысында оқушылар өлкеміздің тарихымен танысып,көптеген сұрақтарына жауап алды. Танымдық сабақты жүргізген экскурсовод Нұргүл Шалимова сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға музейге кіру абономентін табыстады.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru