Мұражайымызға облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы келді

20 сәуір күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов арнайы келіп, музейдің тыныс-тіршілігімен етене танысты. Музейдің қызметтік бөлмелері мен экспозициялық залдарын аралап, музей қорындағы жәдігерлердің сақталу жайын тексерді.

Осымен қоса, Әбіл Тауфиқұлы музей қызметкерлерімен пікір алмасып, музейдің алдағы іс-шаралар жоспарымен танысты. Алдағы шығармашылық және әкімшілік-ұйымдастыру қызметіне қатысты біраз мәселелерге тоқталып, ұсыныстарын жеткізіп, нақты тапсырмалар берді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru