«Құстар – жақсылықтың жаршысы»

3 сәуір күні  Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1 сәуір – Дүниежүзілік құстарды қорғау күніне орай «Құстар – жақсылықтың жаршысы» тақырыбында танымдық сабағы өткізілді.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің биология және ауылшаруашылығы факультетінің 3-ші және 1-ші курс студенттері мен жетекші ұстаз Мағия Бержанова қатысқан дәрісте өңірімізде тіршілік ететін құстар жөнінде, олардың табиғатта алатын орны мен маңызы туралы мағұлұматтар берілді.

Музейдің жалпы тарих, археология және этнография ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің маманы Эльмира Мұхамбетқалиева жүргізген сабақ барысында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген су жағалауында кездесетін шөлді дала құстарының тұлыптары көрсетіліп, олардың ерекшеліктері, тіршілігіндегі ғажайыптары, пайдасы, маңызы, ұя салудағы шеберліктері жөнінде толымды мәліметтер берілді. Сондай-ақ, құстар жөнінде қызықты викториналық сұрақтар қойылып, жұмбақтар шешілді.

Осымен қоса, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің биология және ауылшаруашылығы факультетінің 1 курс студенті Ясин Азаматұлы өз қаламынан туындаған «Құс әлемі» атты өлеңін көпшілікке оқып берді. Ал университеттің 3 курс студенттері «Қазақстан құстарының болашағы» тақырыбында өлкемізде кездесетін қарлығаш, ителгі, дуадақ, аққу, қоқиқаз құстары жөнінде дайындаған мәтіндерін жатқа айтып, құстардың болашағы туралы ойларымен бөлісті.

Шара соңында студенттер музейдің экспозициялық залдарын аралады.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru