Бисенов Сәден Бисенұлы

саден1Бисенов Сәден Бисенұлы 1931 жылы Гурьев (Атырау) облысы, Бақсай    (Махамбет)  ауданы, Тегісшіл ауылында  дүниеге келген. Жеті сыныпты ауылдан, оныншы сыныпты Бақсай ауданы, Яманкаладан (Жаманқала) бітірген. 1950 жылы Гурьев педагогикалық училищесін бітірген.

1950–1951 жылдары Маңғыстау ауданында және Ақтөбе бастауыш мектебінде ұстаз, 1951–1952 жылдары Жалғансай орта мектебінде, 1952–1954 жылдары Гурьев мемлекеттік мұғалімдер институтын жаратылыстану және география мамандығы бойынша бітірген.

1954-1958 жылдары Яманқала (Жаманқала), Сарайшық орта мектептерінде, 1958-1959 жылдары Гурьев облыстық кәсіподақ кеңесінде инструктор, 1959-1962 жылдары «Казнефтестрой» құрылыс трест клубында меңгеруші, 1962-1964 жылдары  облыстық Мәдениет басқармасында аға инспектор,  1964-1980 жылдары Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде директор қызметтерін атқарған. Қызылорда педагогикалық институтын 1964 жылы сырттай бітірген.

С.Бисенов В.И.Лениннің туғанына 100-жыл толуына орай «Үздік еңбегі үшін» мерекелік медалімен марапатталған.

1964 жылы Гурьев облыстық мәдениет басқармасының 15 сәуірде №48 бұйырығымен Бисенов Сәден Бисенұлы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы болып тағайындалып, осы лауазымдық қызметте 16 жыл еңбек еткен.

саден2

Осы  жылдар ішінде Сәден Бисенұлы музейдің материалдық базасын нығайту, жәдігерлермен толықтыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарған.   

саден3

Жоғардағы  қызметкерлерден сатып алу – бағалау комиссиясы құрылып, музей қорын толықтыру мақсатында қорға бірқатар  жәдігерлер қабылданыған. Атап айтсақ комиссияның шешімімен музей қоры қазақтың әйгілі күйшісі Дина Нұрпейісованың құжаттарымен, фотосуреттерімен, жеке тұтынған заттай бұйымдарымен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің фотосуреттерімен, Кеңес одағы батырының фотосуреттерімен, соғыс кезінде қолданған жеке заттарымен, суретші И.И.Никелдің майлы бояумен салынған «Құрманғазы»,  «Бессмертие Бурана»,  картиналарымен, өлкемізде мекен ететін жануарлардың тұлыптарымен сонымен қатар этнографиялық, археологиялық,  палеонтологиялық тағы да басқа көптеген жәдігерлермен толыққан.

1967 жылы Ұлы Октябрь социалистік революциясының 50 жылдығына орай музейдің барлық бөлімдерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, сәуір-шілде айлары аралығында облыстық музейдің жұмысы уақытша тоқтатылған.

саден4

1968 жылы музейдің штаттық кестесіне өзгерістер енгізіліп, музей жаңа  5 штаттық кестегемен толықыққан.  

саден5

«Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі» КМҚК


Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru