2024 жылдың 16 қазан күні Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Ақпарат саласының үздігі, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы, өлкетанушы Төлеген Жаңабайұлының мерейлі 80 жасына арналған «Жазудың жүйрік жорғасы» атты кездесу кеші өтті.
Салтанатты шара Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістерінің сомдауымен Төлеген Жаңабайұлына арналған «Төлеген Тұлға» атты сахналық қойылымнан бастау алды.
Алғашқы құттықтау сөз Атырау облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жоламанов Әбіл Тауфихұлына, Жазушы Сидағалиев Сайпеден Шәмшиденұлына, «Атырау» газетінің Бас редакторы Қосшиев Назарбек Төлеуішұлына, батагөй ақсақал Ақмырза Батырқайырұлына берілді.
Сонымен қатар шарада Н.Жантөрин атындағы облыстық филормония әншілері өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерді зор қошеметке бөледі.
Арнайы ұйымдастырылған іс-шараға Атырау облыстық Мәдениет мекемелерінің басшылары, жергілікті ардагер қаламгерлер, бұқаралық ақпарат - құралдарының өкілдері, өлкетанушылар, Төлеген Жаңабайұлының ағайын-туыстары, замандас, құрдастары қатынасты.