Тылсым дәуір

Аралтөбе қорғанынан табылып, тарихымыздың тереңдігін, түп-тамырымыздың тектілігін дүние дидарына жария еткен алтын қазынамыз-«Алтын киімді адамның» қалыпқа келтірілген бейнесін (қазба жұмыстарының жетекшісі республикамыздағы белгілі археолог З.Самашев, реставратор Қ.Алтынбеков), саф алтыннан ерекше талғампыздықпен жасалған алтын әшекейлердің фотосуреттерімен олардың көшірмелерін, талай ғасыр қойнауына сыр бүккен Аралтөбе қорғанының макетін, ерте темір дәуіріне жататын шыны моншақтар, жебе ұштары, қанжар сынықтары, бүйірлі қыш құмыраларды көріп тамашалай аласыздар. Суретшілердің «Сарматтар соғыс қарсаңында» және «Сарматтар соғысы» картиналары да еріксіз сол дәуірге жетелейді, залда тұрып оқаланған киім киген сармат бабаның ұрпағы екеніңізді мақтан тұтасыз.

 

                                    

«Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі» КМҚК


Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru